Президент Қ.Тоқаев салаға жауапты билік өкілдеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру, бағаның негізсіз өсуі мен делдалдық әрекеттерді болдырмау және қазақстандық тауар өндірушілердің өнімі тұтынушыларға қолжетімді болу үшін нақты тапсырмалар берген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы Шымқалада тиянақты орындалып келеді. Бүгінде Шымкент қаласы азық-түлік бағасының қымбаттауы бойынша елімізде 12-ші орында тұр. Сонымен қатар, тауарлардың бағасын негізсіз өсірмеу жөнінде, бірқатар ірі сауда желілері, азық-түлік базарлары және жергілікті тауар өндірушілерімен екі жақты ортақ 14 меморандумға қол қойылған. Бұл туралы қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков мәлімдеді.
Басқарма басшысының айтуынша, жалпы тұрақтандыру қорына 4,2 миллиард теңге қаралған. Қордың айналым механизмі бойынша, кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы 2,3 миллиард теңгеге айналымға қарыз қаражат беріліп, келісім-шарттар түзілген.
«Комиссия отырысын өткізген кезде 15 пайыздан жоғары асқан әлеуметтік маңызы бар тауарларға бөлшек сауда бағалары шекті рұқсат етілген мөлшерде белгіленді. Сонымен қатар азық түлік тауарлары бағасын негізсіз өсірмеу жөнінде бірқатар ірі сауда желілерімен, азық түлік базарларымен және жергілікті тауар өндірушілерімен екі жақты меморандумға қол қойылды»,- дейді Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков.
Сондай-ақ, қажетті азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында қаланың 8 жерінен жылжымалы әлеуметтік нүктелері ұйымдастырылған. Қосымша, ет өнімдерін өзіндік бағасымен сатуүшін , ет өндіруші шаруа қожалығымен 4 сауда нүктесін ашу көзделіп отыр.