Бизнес бастағың келсе...

Screenshot_11.png

Қазір кәсіп ашып, нәсіп табуға ниеттілерге Үкіметтен түрлі қолдау бар. Солардың бірі - «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге қайтарымсыз қаражат берілмек. Қазір Шымкенттегі «Заңғар» бизнес орталығында үміткерлерден құжат қабылданып жатыр. Бүгінге дейін 33 кәсіпкерден өтінім келіп түскен.

Айгүл Үсіпбаева өз кәсібін ашуға ниеттілердің бірі. Қала тұрғыны ауылшаруашылығы саласы бойынша қайтарымсыз ақша алуға құжат тапсырды. Еңбекке епті жан атакәсіпке әр беруге бел буып отыр. Жылқы шаруашылығын ашып, қымыз-саумал өндіру кәсібін кәдеге жаратпақшы.

«Бизнес кеңесші» курсынан өтіп сертификат алғанмын. Бизнес бастаудың басты принциптерінің бірі өзің сүйетін істі бастау. Отбасылық бизнес ретінде жылқы малын өсірумен айналысқымыз келеді»,- дейді.  Айгүл Үсіпбаева.

Салаға жауаптылардың сөзінше, қайтарымсыз қаржы көлемі 2-5 млн теңге аралығында болмақ.  Кәсіпкерлік субъектісі Шымкентте тіркелген болуы тиіс. Биыл бұл бағытқа жергілікті және республикалық бюджеттен 196 млн. теңге қарастырылып отыр. Айту керек, қоғамның әлеуметтік  осал топтарына жататын азаматтарға едәуір жеңілдіктер қарастырылған.

«Бизнесті іске асыруда мысалы 5 миллион қажет болса оның  10 пайызын, яғни 500 мың теңгесін кәсіпкер өзі  салуы керек. Бұл талап әлеуметтік осал топтарға талап етілмейді. Өтінімдер әлі де қабылдануда. Бірінші жалпы конкурс болады. Барлық үміткерлер қатысады. Екіншісінде тек қана жас кәсіпкерлер яғни 29 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады»,- дейді Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық  даму басқармасының бөлім басшысы Үсен Исаев.

Грантқа әркімнің-ақ бар таласы. Қайтарымсыз қаржыға ие болу үшін міндетті түрде кәсіпкерлік курсын оқығанын растайтын сертификат болуы тиіс. Ал, мемлекеттік грант иегерлері конкурстық негізде іріктеледі. 

Сарапшылар 585 мың теңге көлеміндегі грантты иемденген азаматтардың да бұл қолдауға өтініш бере алатынын айтады. Мамандар бұл ретте ең алдымен бизнес-жоспарды дайындауға кеңес береді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер