Ауыл жолдары жөнделуде

Screenshot_8.jpg

Алысты жақындататын - жол. Жол арқылы адам барар жеріне тез жете алады. Әрине егер жол тақтайдай тегіс, сапалы болса. Сапалы жол - өркениет белгісі. Өркениетті елдерде жол мәселесі өте сирек болады. Осыған орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдан бері жол мәселесін оңтайлы шешуді әкімдерге мықтап тапсырған болатын. Тапсырмаға сәйкес, өңірлерде жолдар жөнделіп, ел игілігіне берілуде.

Сайрам ауданындағы Мирза Баба көшесі Қарабұлақтағы орталық, маңызы жоғары болған көшелердің көшбасында. Кеңес Одағы кезінде төселген асфальттың әбден тозығы жетіп, көлік түгілі адам жүруге қиналатын. Ауылдың бестен бір бөлігі тұратын бұл ауданға тегіс көше керек еді.

Осыны ескерген басшылық 2021жылдың бюджетіне осы көшені орташа жөндеуден өткізуді қосқан болатын. 

Міне сол жұмыстар басталып та кетті. Аудан бюджеті есебінен жөнделіп жатқан көшеге асфальт төсеуден бөлек ескі жарық шамдар заманауи жарытқыштарға ауыстырылды. Бірер жыл бұрын көшеге әдемілеп жаяу жүргіншілер жолағы салынған. Ал енді асфальт төселіп өркениеттің көленкесін көріп отыр. Бұйыртса бір-екі күнде жолға толықтай асфальт төселетін болады.

Осы орайда көше тұрғындарының ұйымшылдығын атап өткен жөн. Барлығы қолына күрек алып, жол салып жатқандарға көмектесіп жатыр, тағы біреулер суын әкеліп жатса, басқпсы тамағын беріп жатыр. Бірлік бар жерде тірлік бар деген мақал осы көшеге сай келіп тұр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында қызғалдақ жұлған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды
  • Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 60-тан асты
  • Халің қалай, ауыл медицинасы? Өңірде 58 нысанға сұраныс бар
  • Праздник Наурыз широко отметили в Туркестанской области
  • Түркістанда Наурыз мерекесі халықаралық деңгейде атап өтілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер