Түркістан гастрономиялық туризмді дамытуға қолайлы қала

image.png

Түркістан туристік әлеуеті зор қала. Ендігі мәселе саяхатшылардың қызығушылығын арттыратын  түрлі шараларды қолға алу. Осыны ниет еткен қала әкімдігі "Гастрофест Түркістан 2022"  көрме-байқауын өткізді. Онда шахардағы дәмханалар өздерін жарнамалауға  мүмкіндік алды. 

Бұл ауқымды жоба Түркістан тағамдарын насихаттауға бағытталған. Өңірімізге қыдырып келетін қонақтарға рухани астанада қандай дәмханалар мен мейрамханалар бар екенін көрсету де жобаның бір мақсаты. Мұндай шаралар туризмі дамыған елдерге таңсық емес. Ал, Түркістан қаласы үшін маңызды. 

Тағамдар көрмесіне келген туристер мен өзге елдің азаматтары да аз емес. Соның бірі Өзбекстандық Махина бану. Ол құрбысы Түркиядан келген Джувейда екеуі ұлттық тағамдардан дәм татты.  Бүгінгі шара көңілден шыққанын жеткізді. 

Осы жиында көрермендерге түрлі ойындар ұйымдастырылды. Бургер, пицца, чиккен жеуден жарыс болды. Жеңімпаздарға жүлделер берілді. Ал, туризм саласына үлес қосып жүргендер төсбелгі және алғысхаттармен марапатталды.  

Осы байқауда "Үздік палау" номинациясы бойынша Навойи дәмханасы марапат алды. Ал, "Үздік кәуап" жасаушы деп  "Астау" ұлттық тағамдар орталығы  танылды. 

Туризмді дамытуға арналған фестивальға облысымыздың және халықаралық өнер  байқауларының  жеңімпаздары арнайы шақыртылды. Олар өз өнерімен келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер