«Түркі әлемі орталығы» салынады

image.png

Түркістан қаласында рухани-мәдени нысандардың қатары артады. Бұл Түркістанның туристік тартымдылығын арттырып,  түркі әлемінің орталығына айналады.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында түркі халықтарына ортақ сәулет нысанын салу керектігі  туралы айтқан болатын. Аталған жобаны іске асыру мақсатында биыл 26 қыркүйек күні «Түркі әлемі орталығы» нысанының концепциялық тұжырымдамасына республикалық байқау өткізілген. Алдағы уақытта түбі бір түркітілдес мемлекеттердің басын қосатын ортақ нысан жаңа технологиялармен қамтылып, талапқа сай салынатын болады. Аталған байқаудың қорытындысы бойынша, ғимараттың салынатын орны қайта қарастырылуда. Сондай-ақ, екінші кезеңде сәулетшілер арасында кездесулер ұйымдастырылып, тағы да пысықталады дейді мамандар.

Сондай-ақ алдағы уақытта рухани астанада достық үйі, қолөнершілер саябағы салынып, аудандарда оқушылар сарайы бой көтермек. Жібек жолының бойынан туристерге арналған жаңаша стильдегі қоржын үйлердің құрылысы басталады.

Түркістан қаласында оқушылар сарайының жанында, бульвардың бойынан «Достық үйін» салу үшін нысанның эскиздік жобасы әзірленіп, бекітілу үстінде. Жоба бойынша ғимарат төрт қабаттан тұрады және құрамында мәжіліс залы, этнос өкілдерінің орталықтары орналасады. Жоба бекітілгеннен кейін нысанның құрылысы басталады. 

«Түркі әлемі орталығы» нысанының концептуалдық сәулетшілер байқауының 2-ші кезеңі халықаралық деңгейде өтпек.

Зерттеушілердің айтуынша, Түркістан еліміздегі ең көне қалаларының бірі болып табылады, оның аумағында ЮНЕСКО-ның қолдауымен көптеген көрікті жерлер (кесенелер, мұражайлар, қорықтар, қабірлер, мешіттер) сақталған.

Бұған дейін Түркістан қаласында көптеген туристік нысандар бой көтерді. Атап айтқанда "Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешені, «Ramada», «Emir Plaza», «Rich Hotel», «Grand Villa», Этнопарк Ресорт туристік объектілері пайдалануға берілді. Әлемнің көптеген мемлекеттеріне танымал Izi.Travel мобильді қосымшасына шаһар аумағындағы  бірнеше туристік нысанның аудиоақпараттары және координаттары туристік картаға енгізілді. 

Түркістанда туристерге қызмет көрсетету сапасы да артып келеді. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын  іске асыру шеңберінде Түркістан қаласының аумағында "туристік қызметті реттеу орталығы" КММ базасында "визит орталығын" ашылды. 

"Визит-орталық" - Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарына қаланың туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңестер береді. Нысанда reception-ақпараттық пост (онлайн төлем, гидтер, карталар, маршруттар), экспозиция – қазақ хандығы залы, мультимедиа – бейне роликтер көрсету және голографиялық үстел (3D), сoworking – қажетті уақытқа жұмыс орнын жалға алуға болатын орталық, кітапхана, кафетерия және кәдесыйлар дүкені орналасқан.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер