Бақытын кәсіпкерліктен тапқан келіншек

image.png

Биылғы жылдың қыркүйегінде  бизнесмендермен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  шағын және орта бизнесті дамыту үшін салық саясаты түбегейлі қайта қаралып, кәсіпкерлер артық әкімшілік қысымнан босатылатынын айтып еді. Осылайша, жаңа кәсіпкерлер буынын өсіреміз, - деген  Тоқаев: «Бәсекелестік жағдайы теңестіріледі. Мемлекеттік аппараттағы байланыстары мен оның тарапынан жасалатын қамқорлыққа қарамастан, Қазақстанда адал бизнеспен айналысу кез келген адамға тиімді және қауіпсіз болуға тиіс. Бұл – негізгі ұстаным",- деген болатын.

Қазіргі таңда елімізде шағын және орта кәсіпкерлік саласы жанданып келеді. Шағын және орта кәсіпкерлік саласы – экономиканың күре тамыры. Елде кәсіпкерлік саласы дамыған кзеде ғана экономика да алға басады. Бүгінде елімізде өз кәсіптерін дөңгелетіп жүрген жандар аз емес.  Мемлекет басшысы айтқандай адал бизнеспен айланысып, өзін ғана емес өзгелерді де жұмыспен қамтып, оларға жалақы, мемлекетке салық төлеп, ел экономикасының дамуына  үлес қосып отырған жандар Түркістан қаласында да жетерлік.  Олар әр түрлі салада еңбек етіп, өз саласының үздіктеріне айналуда. Соның бірі – Бағдат Исмаханбетова. Ол қазіргі таңда халықтың сұранысына ие сұлулық саласын таңдаған.  Ол қыз-келіншектердің бет-жүзін әрлеумен айналысу арқылы табыс тауып отыр. 

 «Негізгі оқыған мамандығым практик-психолог. Одан кейін педагог-психолог мамандығы бойынша магистратуралық білім алдым. Мамандық бойынша он жыл көлемінде университетте дәріс бердім. Бос уақыт деген мүлде болмайтын. Бірақ, сол жүрісімде бір ой маза бермейтін маған. Содан шығар, жаңа кәсіпті игеруіме көңілімдегі кірбің түрткі болды деп ойлаймын. Бой жетіп, оң мен солымызды тани бастаған кезден бері бет-жүзімдегі кем-кетіктерден ұялып және соның амалдарын қарастырып жүретінмін. Ол кезде кішкентай сәбиім бар еді, ұйқысыз түндер, стресстік ситуациялар міндетті түрде бетке әсерін тигізбей тұрмайды. Сөйтіп денсаулығыма көңіл бөліп, ел ордасына барғанымда косметологқа да қаралуды жөн санадым. Косметолог қыздың мінсіз бет терісін көргенде таң қалдым. Оның жасы менен үлкен болса да ондай күтім жасалған теріні көрмеппін. Содан бастап теп-тегіс, таза, жарқыраған қысқасы қазіргі терімді армандай бастадым. Қазіргі таңда жасым 39-да. Косметолог-эстетпін. Осындай арманның жетегінде көп курстарға қатысып, бет күтімі марафондарында жүгірдім. Ол кезде Түркістан, Шымкент қалаларында косметологтарды таба алмадым. Семинарлардан сертификаттар жинап, вебинарлардан «Ең мықты» деген білімді қанжығаладым. Осылайша әуелі өзіме тәжірибе жасап көрдім. Жан-жақтан жинаған білімнің бірі нәтижелі келсе, екіншісі қарама қайшы болды. Диллема. Дәл осылай бүкіл жиған-тергенімді сүзгіден өткізіп алдым. Соңында осы саланы ұнатып, маман болдым. Содан бері біртіндеп Кореяның арнайы косметика зауыттарынан қажетті заттар алдырып, сата бастадым. Ешқандай несиесіз, алдын-ала көп көлемде қаражат құймай өз тұтынушыларыма берген тапсырысын орындап отырдым. Кейін тұтынушыларым көбейген соң, бастапқыда қатты сене қоймаған жолдасым кәсібімді қолдап, дүкен ашуымды ұсынды. Тапсырыс берушілер де дүкенге келіп, керек заттарын еркін көріп алғысы келетіндіктерін жеткізді. Нәтижесінде сапалы косметикалар сататын дүкен аштым. Одан кейін өзімнің сұлулық салонымды аштым»,- дейді кәсіпкер. 

Бағдат Исмаханбетова осы ретте қыз-келіншектерге өз ақыл-кеңесін айтты.  «Бет – ол ағза. Оған аса мұқият көңіл бөлуіміз керек. Бетті ағзадан бөліп алып тастай алмаймыз ғой. Сол себепті қанның құрамын тексеріп, ағзаға не жетіспей тұрғанын зерттеп, толық анықтама жүргіземіз. Туындаған тері мәселесінің мән-жайын анықтап алып, сонымен тиянақты жұмыс бастаймыз. Бізде уақытша ғана әсер ету деген жоқ. Нәтиже әсерлі әрі пайдалы болады. Әрине, бетке арналған жаттығуларды бір рет қана жасап қоймай, күнделікті дене жаттығуы секілді дағдыға айналдырып, жауапкершілікпен қараса онда кез келген әйел армандаған бет терісіне жете алады деген ойдамын»,- дейді ол.

  Кәсіп бар жерде нәсіп барын білген Бағдат өз орнымды осы салада таптым және кәсіпкерлікпен айналысқанымен өкінбейтінін айтады.  Алдағы уақытты кәсібін  одан әрі дамытуды көздеп отыр. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер