Кәсіпкерлер саны артып келеді

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Халыққа арнаған Жолдауында шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін 2025 жылға қарай 30 пайызға жеткізуді тапсырған болатын.

Президенттің тапсырмасына сәйкес Түркістан қаласында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Айталық шаһарда өз кәсібін ашқан тұрғындардың саны күн санап артып келеді. Бұл өз кезегінде жұмыссыздықпен де күресуге септігін тигізуде.  Қалада 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы қарқынды түрде қолға алынды. Сала мамандарының айтуынша бүгінге дейін аталмыш бағдарлама аясында 4844 адам жұмыспен қамтылған.  

Тарқатып айтар болсақ, қазіргі таңда 2500 адам тұрақты жұмыс орындарына, 26 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 804 адам қоғамдық жұмыс орындарына жолдама алды. 363 жас маман жастар практикасымен жұмысқа орналасты. 24 тұрғын мемлекеттік грантқа ие болып, өз кәсіптерін ашуға кірісті. 35 адамға алғашқы жұмыс орындарына жолдама берілді. Сонымен қатар, 992 адам «Бастау бизнес» жобасына қатысқан.

Соңғы уақытта дәл осы «Бизнес бастау» жобасына көптеген өзгерістер енгізілуде. Солардың бірқатарына тоқталсақ. Мәселен, сала мамандары мемлекеттен қайтарымсыз 1 миллион 200 мың теңге алудың жолдары жеңілдегенін айтады. Кәсібін ары қарай дөңгелеткісі келетін  азаматтар бұдан былай 21 күн емес, бар болғаны 1 аптаның ішінде "Бастау бизнес" жобасы аясында білім ала алады. Сондай-ақ, оларға енді  құжат арқалап кеңсе аралаудың қажеті жоқ. Мұндай шаралардың барлығын бизнес.enbek.kz порталы арқылы онлайн форматта, үйден шықпай-ақ атқаратын болады. 

Содан кейін кәсібін ашқысы келетін дәрістеріне де онлайн қатысып, мамандардан кеңес ала алады. Оқуды аяқтағандар тест сұрақтардың 70 пайызына дұрыс жауап беретін болса, 3 жылға жарамды сертификатты иеленеді. Ал, бұл сынақтан өте алмай қалғандарға 1 жыл ішінде тестті қайта тапсыруға мүмкіндік бар. 

Түркістан қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ақмарал Жолаеваның мәлімдеуінше, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 298 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылған, 256 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражаттары ұсынылған. Ал биылғы жылы кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі жоспар көрсеткіші еселеніп, 360 азаматты онлайн форматында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және 273 азаматтың бизнес идеяларын қаржыландыру көзделген. 

Яғни, биыл жыл соңына дейін 273 адам кәсіпкерлік бағытта білім беріліп, мемлекеттік грантты қалай қатысуға болатыны жөнінде кеңес айтылады. Үміткерлер үшке бөліп оқытылады. Жобаға қатысуға 29 жасқа дейінгі жастар, аз қамтылған отбасы мүшелері, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, мүгедектер, өзге өңірден қоныс аударушылар мен асыраушысынан айырылғандар өтініш бере алады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер