Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 7 наурызында "Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы" жарлыққа қол қойған болатын. Онда "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін" делінген.
Жаңа құжат бойынша, облыс әкімі жарты жылда бір рет "әр ауданда және облыстық маңызы бар әр қалада кемінде бір көшпелі кездесу", республикалық маңызы бар қала, астана әкімі "қаланың әр ауданында тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу", аудан әкімі "әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу" өткізуі тиіс.
Президент Жарлығына сәйкес Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жыл басынан бері қаладағы әр сектор тұрғындарымен кестеге сәйкес кездесулер ұйымдастыруда.
Мәселен "Яссы" секторында қала әкімінің тұрғындармен кездесуінде жыл басынан бері 93 мәселе көтерілген болатын. Оның 64-і бүгінде орындалды. Кездесуде көтерілген мәселелердің 8-і жол мен көлік қатынасына, 11-і инфрақұрылым жүйелеріне, 26-сы абаттандыру мен тазалық жұмыстарына, 6-ы қоғамдық көлік қатынасына байланысты болды. Қазіргі таңда аталмыш секторда 11 мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекет басшысының елімізде 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу туралы тапсырмасына орай алдағы жылы "Яссы" секторында 1200 және 900 орынды құрайтын 2 мектеп құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда Түркістан қаласында бүгінгі таңда мемлекеттік бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдардың саны 34-ке жеткен. Оның 26-сы жеке мектеп. Жалпы оқушылардың саны – 50 841-ді құрайды.
Биылғы жылы шаһарда 2 мектеп күрделі жөндеуден өткен. Олар: Төле би атындағы №19 және М. Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектептер. Одан бөлек қалада күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін 11 мектеп бар.
Сонымен қатар, биыл «Бірлік» шағынауданында 1 жекеменшік мектеп салынуда. Бұдан бөлек алдағы уақытта 9 мемлекеттік мектеп салу жоспарлануда. Бұйыртса, келер жылы республикалық бюджет есебінен 2 мектеп салынатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 7 мектеп салынады дейді салаға жауапты мамандар.
Қала әкімімен кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген тақырыптың бірі – газдандыру жұмыстары. Аталған мәселеге байланысты «Яссы» секторында көпқабатты 11 үйдің тұрғындары табиғи газ пайдалануда, 8 үйді газдандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. ««ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ-ның талабы бойынша көпқабатты үйлерге коксиалды түтін шығатын мұржа орнатылуы тиіс. Қазіргі таңда 1 үйге коксиалды мұржа орнатылып, қысымдаудан өтуде”, -- дейді сала мамандары. Айта кетейік, қазіргі таңда жалпы қалада 39 937 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылған. Қазіргі таңда мұнда «көгілдір отынды» 38 060 абонент дербес шот ашып пайдалануда. Бос жер телімдерін қоса алғанда толық табиғи газды пайдаланушылар саны биыл 95 пайызға жетіп отыр.
-- Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 6 сектор бойынша 39 937 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылды. Бүгінгі күні көгілдір отынды 38 060 абонент дербес шот ашып пайдалануда. 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін 52 037 абонентке газ құбырлары жүргізілген. Бос жер телімдерін қоса алғанда толық табиғи газды пайдаланушылар саны 2022 жылы 95% жетті. 2022 жылы жаңадан қоныстанған, жер телімдерін екіге бөлген, жер құжаттарын енді ғана заңдастырған 380 тұрғын үйді табиғи газбен қамту мақсатында, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілді. Қазіргі таңда мердігер анықталды. Аталған абоненттер қосылса қамту көрсеткіш - 96% болады, -- дейді сала мамандары.
Сонымен қатар «Яссы» секторында 2 нысанның құрылысы аяқталып, 4 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіләп отыр. Одан басқа, 3 нысанның құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, алдыңғы кездесулерде тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер бойынша 4 трансформатор орнатылған.
Айта кетейік, Түркістан қаласының аумағында 39 937 электр абонентінің тек 33 937 абоненті ғана сапалы электр қуатымен қамтылған. Оның орташа сағат тұтыну мөлшері – 48,8 МВт/сағ. Өткен жылы 3 нысанның құрылысы жүргізіліп, соның нәтижесінде 3897 абонент сапалы электр энергиясына қол жеткізді. Пайдаланушылардың қамту көрсеткіші 84,9 пайыздан 94,7 пайызға артты.
Биыл 1 нысан жеке тұрғын үйлерді сапалы электр қуатымен қамту көзделуде. Атап айтар болсақ, Диметов көшесі бойындағы тұрғын үй массивінде 260 абонент бар. Пайдаланушылардың қамту көрсеткіші 94,7 пайыздан 95,2 пайызға жетеді.
Сонымен қоса 3 нысан әуе электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру құрылыстарын жүргізуге 2,5 млрд. теңге көлемінде қаржы қаралды. Жоба құны – 4,2 млрд. теңгені құрайды. Тиісті жұмыстар қолға алынған жағдайда қосымша 9669 астам абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстарын 2022-2023 жылдары атқару жоспарлануда.
Ресми дерек бойынша "Яссы" секторында 197,3 шақырымды құрайтын 180 көше бар. Оның 46-сы асфальт жол, 80-і тас жол, 54-і топырақ жол. Ағымдағы жылы 11,9 шақырымды құрайтын 12 көше орташа жөндеуден өткен, 28,8 шақырымды құрайтын 36 көшеге тас төселсе, ал 6,7 шақырымды құрайтын 7 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселген. Сонымен қатар, қазір мұнда Қожабаев көшесінде және Қазыбек би – О. Жарылқапов көшелерінің аралығында жол құрылысы жүргізілуде.
Түркістан қаласында көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Мәселен, жоғарыда атап өткен І. Қожабаев көшесіндегі 5,6 шақырым жолды реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, Кентау тас жолы бағытындағы жол ӘІО (АДЦ) арқылы Шымкент бағытындағы жолға қосылатын болады.
Сонымен қатар, бүгінде қалада Ә. Жангелдин көшесін, яғни 3,8 шақырым жолды реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, бұл жол Қызылорда бағыты мен Балтакөл бағытындағы автокөлік жолын байланыстыратын болады.
Қазыбек би мен О. Жарылқапов көшелері аралығындағы жолдың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба аяқталғанда «Яссы» мен Сауран тұрғын алқабын «Отырар» тұрғын алабы байланыстыратын болады.
Б.Қалаби көшесінде де реконструкциялау жұмыстары қолға алынған. Тиісті шаралар аяқталып, нысан пайдалануға берілген жағдайда Балтакөл тас жолын Шәуілдір және Шымкент тас жолына тікелей қосады.
Түркістан станциясының 3103 ПК2+50 және 3106 ПК5+45 пикеттерінде жаяу жүргінші көпірлерін салу жоспарланған болатын. Нысаның құрылыс жұмыстары аяқталған жағдайда «Бекзат» тұрғын алабы тұрғындары мен мектеп оқушыларының «Шауғар», «Сауран» тұрғын алабы арқылы қауіпсіз және үздіксіз өтуін қамтамасыз етеді.
Қала аумағындағы 46,4 шақырымды құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу және 105 шақырымды құрайтын 160 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Қолға алынған шаралар аяқталған жағдайда қалада көлік инфрақұрылымы дамитын болады.
Айта кетейік, өткен жылы Түркістан қаласында жүргізілген жолдың құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 316,1 шақырымды құраған болатын. Биыл орындалған орташа жөндеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес, 340,9 шақырымды асфальт жол, 471,0 шақырымды тас жол, 33,1 шақырымды топырақ жол құрайтын болады.
Қала тұрғындары жаяу жүргіншілерге арналған жолға байланысты бірқатар мәселе көтерген еді. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков кей жолдарға асфальт төсеу инфрақұрылым жүйелері толық жүргізіліп болған соң, әлеуметтік маңызы бар нысандарға (мектеп, балабақша) жаяу жүргіншілерге арналған жол салынатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, «Яссы» секторында 40 мың халық, 8177 тұрғын үй және 180 көше бар. Онда 21 шақырымды құрайтын 23 көшеге тас төселді. 6,3 шақырымды құрайтын 5 көшеде асфальт жабындысы төселді. Алдағы уақытта 30,25 шақырымды құрайтын 24 көшеге ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Одан бөлек 76 шақырымды құрайтын 64 көшенің жарықтандыру жұмыстары толық аяқталып, іске қосылды.
Сондай-ақ, «Яссы» секторында 20 нысанға аялдама орнатылған. Және 4,4 шақырымды құрайтын 5 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол салынды. Қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында аталмыш секторында Көгершін және Әль-Фараби көшелеріндегі ескі трансформаторлар жаңартылды. Тұрғындардың өтініші бойынша Саурық батыр көшесіне қосымша трансформатор орнатылды.
Қазіргі таңда Саққорған көшесі, Баянауыл аумағы, №24 мектеп жанына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оралман тұрғын алабы және Қазыбек би, Жарылқапов көшелерінің аралығына гидрантты суару жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Тұран тыным саябағы мен Шатқал саябақтарының құрылысы аяқталды.
Тағы айта кетерлігі «Яссы» секторында 40 мың халық тұрады. 8177 тұрғын үй және 180 көше бар. Биыл мұнда Т.Бокин көшесі бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аумағы абаттандырылған. Сақ қорған көшесінде ойын алаңшасы салынып, "Тұран" және "Шатқал" шығармашылық саябағы көгалдандырылды.
Түркістан қаласындағы саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау және ішкі ирригациялық жүйелердің жай-күйі – басты назарда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының 7-ші бөлімінде экологиялық ахуалды түзеу үшін еліміз бойынша 2 миллиард ағаш отырғызу туралы айтқан болатын. Жолдау жүктеген міндет бойынша биыл қаланың 12,2 гектар аумағына 15 мыңнан аса ағаш егіліп, 9000 шаршы метр аумаққа көгал төселіп, 200 мың түп гүл отырғызылған. 380 гектар аумақта күтіп-баптау жұмыстары жүргізілген.
Жалпы қазіргі таңда облыс орталығында 400 гектар жерге орналасқан 248 саябақ пен гүлзар, желілік бақ пен жасыл желекті демалыс аймағы бар. Оның ішінде 380 гектар аумақта ағаштарды дәрілеу және тыңайтқыштармен қоректендіру жұмыстары жүргізілді. Жоспарда тұрған және қала тұрғындары мен мекемелер тарапынан түскен өтініштер бойынша 11 245 дана ағашты санитарлық және авариялық кесу жұмыстары атқарылды. Одан бөлек 45 саябақ, сквер, алляларда кіші сәулет мүсіндері мен орындықтар, жарықшамдар орнатылды. Және аяқжолдар мен балалар ойын алаңдарын бояу, жөндеу, алыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді.
Қураған, жерсінбей қураған ағаштардың орнына 9 200 дана ағаш көшеттері егілді. Жыл басынан бастап 12,2 гектар аумақта 15 036 дана ағаш көшетті емен 9000 шаршы метр аумақта көгал егілген. Ш.Тілеу, Байбұрт, С.Қожанов, Резиденция алды, Есімхан алаңы мен Майкотов көшелеріне барлығы 11 900 дана қылқан жапырақтары ағаштар демеушілер есебінен егілді. Жыл басынан бастап ағымдағы тазалық және көгалдандыру жұмыстарынан бөлек, жалпы қалалық сенбіліктер өткізілуде. Қала аумағында гүлдерге арналған аумақтарда жалпы 200 мың түп отырғызылды. Оның 110 мыңы көпжылдық және 90 мыңы бір жылдық гүлдер.
Айта кетейік, Түркістан қаласы географиялық белдеу бойынша шөлейтті аймақта орналасқан. Қаланың микро климатын өзгерту үшін, қала көлемін толықтай суландыру үшін қала ішінен гидрантты жүйемен су жүргізу және егілген талдарды суару шаралары 6 кезеңге бөлініп атқарылуда. Айталық, Ботаникалық бақтың 611 гектары, 62 шақырымы гидрантты жүйеге қосылған. Б.Саттарханов даңғылы мен Майкотов көшесінің аралығы, 620 гектар, 110 шақырым да гидрантты жүйеге қосылған. Қазыбек би мен Жарылқапов көшесі аралығы, Батыс Қытай Батыс Европа жолының бойы (магистраль), 336 гектар, 25 шақырымды гидрантты жүйеге қосу жұмыстары жүргізілуде. Кентау тас жолы, Оралман аумағы. Қотырбұлақ су сақтау қоймасынан қалаға кіре беріс 320 гектар, 40 шақырым гидрантты жүйеге қосылған.
Бұйыртса, келер жылы Б.Саттарханов даңғылынан Ортақ тұрғын үй массиві аралығы мен Тұран аумағын гидрантты жүйемен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сонымен қатар, КДЦ аумағына және Гүлдер саябағымен Сейхун көшесінің аралығына гидрантты жүйені жүргізудің жобасы дайын.
Бүгінгі таңда қалада 22,5 шақырым ирригациялық арықшалар жүргізілді. 2020-2021 жылдар жүргізілген арықтар Арыс-Түркістан каналынан бастау алатын ирригациялық арықтар қаланың орталығын Шаугар мөлтек ауданы арқылы Отырар ауданы бағытына дейін қамтамасыз етеді. Қала ішінде қажет жерлерге толығымен су беру көзделеген. Соңында қалған сулар егістік алқаптарына құйылады. Жалпы ирригациялық каналдар секундына 500 литр су алуға мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда секундына 100 литр су алынуда.
Қала ішінде абаттандыру жұмыстары қарқын алған. Қазіргі таңда 9 нысанда, атап айтар болсақ, «Денсаулық» саябағында, «Төле би» саябағында, «Шығармашылық» саябақтарында, сонымен қатар, Майкотов көшесінің бойындағы бойындағы Шәуілдір тас жолынан Түркістан арена стадионы аумағының аралығында, «Тұран» тыным бағында, 1 мөлтек ауданындағы көп қабатты үйлердің ауласында, Батыс Қытай Батыс Европа жолында, Кентау тас жолының бойында тиісті шаралар атқарылуда. Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы жағдай жасау, демалу және кешкі серуендеу үшін, аула ішілік ойын алаңдары мен жеке демалыс орындары іске қосылған. Қосымша қалаға қарасты тұрғын алқаптардың қажетті деп танылған аумақтарына балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңдары салынды. Қаланың сәулеттік көркін келтіру үшін әрбір көп қабатты үйлер сыртына түнгі шамдар қойылған.