Саурандықтардың өтініші жерде қалмады

image.png

Президенттің "Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы" Жарлығы аясында Түркістан қаласы аумағындағы «Сауран» секторында қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жыл басынан бері тұрғындармен бірнеше рет кездесу өткізген болатын. Кездесулерде 112 мәселе көтеріліп, бүгінде соның 67-і орындалды. Оның 9-ы жол мен көлік қатынасына, 17-сі инфрақұрылым жүйелеріне, 6-ы қоғамдық көлік қатынасына, 8-і абаттандыру жұмыстарына және 13-і басқа да салаларға қатысты болды. 

Түркістан қаласының аумағы 22,4 мың гектар аумақта орналасқан. 2022 жылдың 1 тамыз айына халық саны 194 774 адамды құрап, өткен  жылмен салыстырғанда 3,6% артқан (2021 жылы – 187 998). Оның ішінде, Сауран секторының аумағы 2,2 мың гектарда 41 550 адам бар.

Еңбек бағдарламасы аясында ағымдағы жылы Түркістан қаласы бойынша 8 165 адам жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, Сауран секторы бойынша 938 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, ай сайын төленуде, 916 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары берілуде. 66 тыл еңбеккелеріне 30 000 теңге төленді, 661 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетілуде (148,8 млн.теңге бағытталды).

Одан бөлек, қалада әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды. Аталған орталық 3 бағытта жұмыс атқаруда.

– тең қоғам;

–  белсенді ұзақ өмір;

– әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу.

Сауран секторында  13 865 баланы құрайтын 12 мектеп орналасқан.

Мемлекет басшысының 1000 мектеп салу тапсырмасы асында алдағы уақытта қала аумағында 11 мектептің құрылысы жоспарлануда (2 мектеп РБ есесбінен, 9 мектеп Жайлы мектеп бағдарламасы аясында), оның ішінден Сауран секторында 600 орынды құрайтын 1 мектеп құрылыс жоспарланған.

Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 39 937 абонент (1877-сі қосылмаған) газбен жабдықтау желілеріне қосылды. Оның ішінде, Сауран секторы бойынша 8 736 абонент болса 8 346 абонент газ пайдалануда.

Сонымен қатар, алдыңғы кездесулерде 5 мәселе көтеріліп, нәтижесінде Жұбанов,  Мыңбасы, Байсейтов , Ыбырайұлы және Балақаев көшелеріне 5 трансформатор орнатылды. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарды сапалы электрмен қамтуды 98,5%-дан 99% жеткізеді.

Ағымдағы жылы Сауран мөлтек ауданында 1,13 гектар аумаққа 500 мәдениет үйінің құрылысы басталды. Аталған құрылысты келер жылдың соңына дейін аяқтап пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

Сауран мөлтек ауданында ағымдағы жылы Төле би көшесінің бойындағы ескі мазарат маңына Төле би атындағы саябақ салынды. Саябақта 1 500 дана ағаштар, 2 300 дана сәндік мақсаттағы көшеттер мен ағаштар отырғызылып,  22 000 м2 көгал егілді. 3370 м2 аяқжол, 2630 м2 веложол салынды, автотұрақ үшін 1530 м2 асфальт төселінді. Ойын алаңшасы мен спорт алаңшалары орнатылды.

Түркістан қаласындағы Тәуке хан даңғылы мен С.Ерубаев көшесі аралығына ағымдағы жылы  Отбасы саябағының құрылысы жүргізілді. Саялы демалыс орнының 3000 шаршы метрі – көгалды аумақ. Онда 450 дана көшет отырғызылған. 386 шаршы метріге веложол және 3785 шаршы метріге аяқжол және 224 шаршы метріне автотұраққа арнап асфальт төселген. 30 дана орындық пен қоқыс жәшіктері орналастырылып, балалар ойын алаңшасы мен стрит воркаут, футбол алаңшасы жасақталған.

Балалар жылына орай, қала көлемінде 10 жерге балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларының құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, Сауран мөлтек ауданына қарасты 2 жерге ойын алаңшасы салынған.

Аталған  секторда бүгінгі таңда 3 нысанның құрылысы аяқталып, 7 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Одан басқа, 1 нысанның құрылысы жалғасуда. 

Аталған секторда қазіргі таңда жаңадан қоныстанған аумақтарды және ауыз су жүгізілмеген көшелерді су құбырымен қамту жобасы іске асырылуда.  . Нәтижесінде 2 750 абанент сапалы сумен қамтамасыз етілетін болады немесе 65,7 шақырым ауыз су желісі тартылатын болады.

Сауран мөлтек ауданында тұрғындарын сарқынды су жүйесімен қамту мақсатында 1 нысан РБ-ке қаржыландыруға ұсынылды дейді қала әкімі. Нәтижесінде 4 500-ге жуық абанент сарқынды сумен қамтылатын болады.

№1, 2 мөлтек аудандар және мақта зауытының шағын ауданының ауыз су желілерін жаңа полиэтиленді құбырға жаңалау, қысымдылығын арттыру , кіші диаметрлік құбырларды үлкен диаметрлік құбырларға қайта ауыстыру және орталық су магистральдеріне біріктіру мақсатында 2 нысанның құрылысы жүргізілуде. Қалаға сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен жылу жүйесін кезең-кезеңмен жаңарту жоспарланған. Осыған орай, 1 нысанның жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Аталған жобаны іске асырған жағдайда қала аумағындағы тозығы жеткен желілердің үлесі 30 пайыздан 10 пайызға дейін төмендейтін болады.

Қазір Түркістан қаласы аумағында 10 жылу қазандығы арқылы 312 нысан, оның 167-і көпқабатты тұрғын үй, ал 145-і жеке және заңды тұлғалар  жылумен қамтамасыз етіледі. Қала көлемінде 93,9 шақырым  жылу желісі бар. Оның 22,3 шақырымын магистралды, ал 71,6 шақырымы ішкі орам жолдар құрайды. Қаладағы сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен нысандарды кезең-кезеңмен ауыстырылуда. Биыл 1 нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылу құбырларының тозу деңгейі 79 пайыздан 30 пайызға төмендеді.

Сонымен қатар, 1 нысанның жобалық сметалық құжаттамасы (ПСД) әзірленуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы жүргізіледі деп күтілуде. Нысан толық яқталғанда жылу құбырларының тозу деңгейі 30% дан 10% төмендейді. Қаладағы «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Е.Рысбековтің мәлімдеуінше, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден жылуаралық кезеңде кәсіпорын келесі жылыту маусымына дайындық жүргізеді. Қалалық жылу трассаларында алдағы 2022-2023 жылыту маусымына дайындық шеңберінде жылумен жабдықтау жүйесін жөндеу және жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар басталады. 

 «Сауран» секторында 175 шақырымды құрайтын 156 көше бар. Оның 39-ы асфальт жол, 109-ы тас жол, 8-і топырақ жол. Ағымдағы жылы 1,38 шақырымды құрайтын 3 көше орташа жөндеуден өтті. 21,7 шақырымды құрайтын 34 көшеге тас төселді, 9,1 шақырымды құрайтын 10 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді. Жангельдин көшесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер