«Түркістан инвест»-нарыққа ашылған жаңа жол

20.jpg

Түркістан өңіріне   инвестицияларды молынан тарту және экспорттаушыларға қолдау көрсету мақсатында «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының жанынан «Түркістан-инвест» компаниясы құрылған болатын.  

Қазіргі уақыт инвесторлар және экспорттаушылармен жұмыс жүргізудің жаңа тәсілін талап етеді. Сондықтан, осы екі бағыт «бір терезе» режимінде жұмыс істейтін Түркістан инвест фронт-офисінде бір арнаға  біріктірілді.    

Түркістан инвест - инвестициялық жобаларды идеядан бастап іске асыруға дейін сүйемелдеудің толық қызметтер кешенін ұсынады. Инвестордың қажеттіліктерін зерделеп, ұсыныстар мен кеңестер береді. Қызығушылық туындаған жағдайда, қажетті секторлар, мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуетті жергілікті серіктестер  туралы толық ақпарат береді 

 «Түркістан инвест» компаниясы – отандық экспорттаушылар үшін әлемдік нарыққа жаңа жол ашады. Яғни, өз өнімін шетелге шығаруды көздеген жергілікті тауар өндірушінің бірқатар шығындарын өтеп берудің мемлекеттік тетіктерін пайдалану ұсынылады. 

Инвесторларды жан-жақты қолдау мақсатында  «Түркістан инвест» компаниясында тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығы қызмет етеді

Қазіргі таңда аймақтық инвестиция тарту және экспортты қолдау бағытындағы  340 жобаның  базасы жасалды. Қысқа мерзім ішінде шетелдік  80-ге жуық инвестормен келіссөз жүргізіліп,   Түркістан өңіріне 832 миллиард теңге көлемінде инвестиция тарту жайында келісімдер жасалды.  Бұл болашақта 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының ашылуын қамтамасыз етеді.  

Түркістан қаласындағы жасалған жиһаздарға  нарықтағы сұраныс артып келеді.   Мемлекеттік қолдаудың аясында жергілікті кәсіпорындар соңғы үлгідегі заманауи құрылғылармен жабдықталып, жоғары сапамен жұмыс жасауда. 

 Түркістанда орналасқан жиһаз жасаушы кәсіпорындардың өнімдері еліміздің бірқатар өңірлеріне тарауда.

Атап айтқанда, «Гранд Микс», Азия бренд, Кордиал Түркістан атты компаниялардың сапалы тауарлары еліміздің өзге аймақтарына жөнелтілуде. 

Жиһаз топтамасына қажетті қосалқы бөлшектер мен материалдардың 80 пайызы Түркістанда дайындалады. Фабрикалардағы жұмыстың 90 пайызына дейін автоматтандырылған. 

Жоғары сапа! Сәтті дизайн! Тиімді баға! Бұл – түркістандық жиһаз шығарушы компаниялардың басты артықшылықтары!

Түркістан – жаңа бизнес мүмкіндіктер қаласы!

Түркістан  - бизнестің жаңа көкжиегі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер