Түркістан қаласында шетелдіктерге 25 туристік полиция қызмет көрсетуде

Елімізде 2019 жылы туристік полиция құрылған болатын. Оның басты міндеті – келген туристер мен қонақтарға қызықтырған сұрақтар бойынша кеңестер, ақпараттар беру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Туристік полиция алғаш елордамыз Астана, Алматы қалаларында, Ақмола, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында құрылды. Бүгінгі күні Түркістан қаласында да туристік полиция жұмыс істейді.

image.png

Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаевтың айтуынша, Түркістан қаласына келуші қонақтар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шаһарда 25 туристік полиция қызметкері жұмыс істейді. Оларға арнайы нысанды киім, құрал-жабдықтар мен қажетті техникалар берілген.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде инвестициялық жайлы климатты қалыптастыруда шетелдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды екенін атап көрсете отырып, шетелдік туристермен жұмыс барысында жекелеген полиция бөліністерін мамандандыру бойынша қабылданып жатқан шараларды мақұлдаған болатын. Соның нәтижесінде туристік полиция құрылды. Бүгінгі күні туристік полиция қызметкерлері бейнетіркеуіштермен, планшеттермен, рациямен жабдықталады. Оларға қойылған талап – мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін, еліміздің тарихын білуі тиіс, сондай-ақ тез тіл табыса білетін және жедел әрекетке әрдайым дайын болуы керек. 

Туристік тәртіп сақшылары – Қ.А.Ясауи кесенесі, Керуен сарай кешені, Президент саябағы аумағын сағат 08:00-ден 24:00-ге дейін екі ауысыммен бақылап, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алады. Көмек қажет болған жағдайда жәрдем етеді.

Туристік полицияның қызметіне соңғы бір айда 650-ден астам азамат жүгінген. Мамандардың айтуынша, туристер мен қонақтар «Түркістанда қандай қонақ үйге тоқтауға болады?», «Көші-қон полициясы қайда орналасқан?» және бір нүктеден екінші нүктеге қалай жетуге болатыны жайындағы сұрақтармен жиі келеді. Қызметкерлер – жедел әрекетке дайын жас мамандар. Қазақ, орыс, түрік, қытай, ағылшын тілдерін және қала тарихын жетік меңгерген, - дейді Бауыржан Жанаев. 

Бүгінгі күні туристік полиция мәдениет объектілерде, қаланың көрікті жерлері мен курорттық аймақтар орналасқан жерлерде жұмыс істейді. Туристік полиция қызметкерлеріне қойылған негізгі функциялары мен міндеттерге, өз құзыреті шегінде туристік объектілердің аумағын патрульдеу және туристерге түрлі жағдайларда көмек көрсету;

- туристік объект аумағындағы азаматтардың өмірін, денсаулығын, мүлкін, құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау;

- әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, қылмыстардың жолын кесу және қылмыскерлерді «ізін суытпай» ұстау бойынша қажетті шаралар қабылдау;

- көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдік азаматтарды туристік объектінің орналасқан жері бойынша полиция органына жеткізу жатады. 

Жалпы республика бойынша туристік полиция қатарында 159 полиция қызметкері жұмыс істейді. Олар 28 туристік нысанға қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері туристік полиция қызметкерлеріне түрлі мәселелер бойынша 819 шетелдік азамат жүгінген. Мысалы, осы жылдың 10 мамырында Түркістан қаласына Туркиядан келген бір топ шетел азаматтары келді. Экскурсиядан кейін екі мүше топтан артта қалып, оларды қажетті мекен-жайға жеткізген қызметкерлерге жүгінді.

- Біздің басты міндетіміз – туристерге кеңес беріп, жол сілтеу. Бізге қойылар тағы бір талап, бірнеше тіл білумен қатар өлкенің тарихын жетік білуі. Сол арқылы шеттен келген қонақтарға мағлұмат беріп, бағыт-бағдар көрсетеміз, - дейді осы саланың мамандары. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер