Түркістан қаласында Вейп сатумен айналысқан азаматтар ұсталды

Есте болса Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вейп және түрлі электронды темекілердің ұлт саулығына қатер төндіретін кесел екенін алға тартқан еді. 

Screenshot_35.jpg

Содан кейін бұл мәселе Парламент Мәжілісінде талқыланып, елдің талқысына салында. Аталған заң осы жылдың 20 маусымында күшіне енді. Халықтың пікірі осы сәтте екі жарылды. Бірі «біздің шенеуніктер жолдар мен сыбайлас жемқорлықпен және басқа да өзекті мәселелермен айналысудың орнына, вейптерге тыйым салып отырғаны несі» десе, енді бірі «10 жасөспірім шылымды шегуді тастаса, онда заңнан пайда бар деген сөз» деп өз қуанышын білдіргендер де аз болмады.

Түркістан қаласының прокуроры Каукен Нәрікбаевтың айтуынша, заң қабылданғаннан бастап елімізде темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауғаа тыйым салынды. Заңға бағынбай, вейптерді сатқандарға 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады, немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынады. Ал оны өндірумен айналысқандарға 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады, немесе, 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 

- Яғни, 200 айлық есептік көрсеткіш 738 400 теңге. Ал Вейптерді әкелу және өндіру, 2000 айлық есептік көрсеткіштен он еселенген мөлшерде айыппұл салумен немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады. Ал егер сіз бір әрекетті қайталап және қылмыстық топ құрамында немесе аса ірі көлемде жасасаңыз, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырыласыз немесе 5000 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 18 460 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлейсіз. Ал, вейп сатып алуға және сақтауға келетін болсақ, ол үшін айыппұл жоқ. Ондағы себеп – адам құқығы. Заң шыққаннан кейін де өз қызметін жалғастырған Түркістан облысында вейп сатумен айналысқан ағайындыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Түркістан облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп, құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізді. Нәтижесінде Түркістан қаласында заңмен тыйым салынған темекі өнімдерін сатқан екі сауда дүкені анықталып, жалпы 327 вейп тәркіленіп алынды. Аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - дейді - дейді Каукен Нәрікбаев.

Қарап отырсақ бүгінде ырыққа жуық ел электронды шылымнан бас тартқан. Енді Қазақстан да солардың қатарында. Қалай ойлайсыз, неліктен бәрі бірден тыйым салып жатыр? Әрине, зиян екенін білгендіктен. Бірақ, сол бұйымның зиян екенін біле тұра, аяқтартатын жастар бар ма? Вейптен неге бас тартқан дұрыс және негізгі зияны неде? Осы мәселе төңірегінде сөз қозғайық. Біріншіден, вейп ер – азаматты белсіздікке әкеледі және ұрпақ сүю мүмкіндігінен айырады. Бұл елімізге, қоғамға және адамзат баласына залал келтіретін ең басты қауіп.

– Қазіргі уақытта ер азаматтардан бөлек, қыз балалар, әйелдер де элект ронды темекіні жаппай тұтынады. Жүктілік, босану, бала сүюге де вейп кері әсер етеді. Неге? Себебі, әйелдермен қатар, еркектердің де бедеулігі бірінші сатыда тұрған оксидативті стресстен. Егер әйел адам темекі немесе вейпті тұтынып, гипоксия-оттегі жетіспеушілігі болса, медицинада овариальды резерв деген түсінік бар. Мысалы, еркектер де аталық без сперматазоидтар ұдайы өмірінің соңына дейін түзілетін болса, әйелдер де 45-50 жасына дейін, әркімде әрқалай тоқтауы мүмкін. Осындай зиянды әдеттер болған жағдайда, бала көтеру қауқары төмендейді және т аусылады деген сөз. Енді ойлап қараңызшы, қарапайым іштегі балаға, В тобының витамині жетіспегені салдарынан бала ақаулықтармен бірге туылуы мүмкін. Ал жаңағыдай зиянды никотин ағзаға түскен кезде, балаға не болатынын ойлау қорқынышты», – деп түсіндірді Түркістан қаласының бас дәрігері Райымбек Берікұлы.

Ал депутат Нұргүл Тау «Менің вейппен күресудегі себебім – білім басқармасында 17 жыл қызмет атқардым. Ол жерде мектептер де тәрбие жұмысын басқардым. Мектепке барған кезімде, қасымдағы әріптестерімнің айтатын сөзі осы – вейп болды. Көмектесіңізші, электронды темекіні тартпайтын бала жоқ, тіпті 5-сыныптың баласы да тартады деп. 5-сыныптың баласы тартады деп қорқып жүргенімде, 2-сыныптың баласы да зиянды өнімді тұтынатын болып шықты. Мектеп ішінде 7-сынып баласы 2-сыныптың баласына с атып кішігірім кәсіпке айналдырып алған. Содан бұл не масқара деп, бақылауға тұрарлық мәселе екенін түсіндім. Депутат ретінде мұны зерттей бастағанымда мүлдем таңғалдым. Біздің шекарадан ойыншықтың кодымен кіреді екен. Әрине, олардың да иелері, сатушылары бар. Сөйтіп бірнеше депутаттың тізе қосуымен, заңға өзгерістер ұсындық. Мұнда баланың болашағы тұр, сондықтан Прьемер министр қолдады», – дейді ол.

Вейптің 16 мыңнан аса әртүрлі дәмі бар екен. Ал оның 8 мыңға жуық дәмі – Қазақстанда. Арнайы Vape shop-тарға кіріп қарасаңыз, сырты әдемі безендірілген, балаларды бірден баурап алатын вейп түрлерін көресіз. Бұл өз кезегінде маркетингтің жолы. Вейптің құрамында не бар және оның қаупі неде деген сұраққа Райымбек Берікұлы былай деді:

– Оның ішінде май, глицерин, пропиленгликоль бар. Оның 95 пайызы майлар. Екінші нәрсе ол – никотин. Егер біз жиі осы майлармен демалатын болсақ, адам тұрақты түрде шегетін болса, ұсақ молекулалар өкпе дінін шөге береді. Қазіргі таңда Америкада «эвали», яғни өкпе ауруы деген түсінік бар. Оның симптомдары дәл пневмония секілді: дене температура көтеріледі, жата алмайды, тыныс алу қиындайды. Ал соны компьютерлік томографияға түсіргенде, майдың шөгінділерін «липоидты пневмонияны» анықтаған. Ол нәрсе өкпені бітпеген кезде, оттегі алмасу нашар болатын болса, оттегіге ең сезімтал орган – ми. Жоғары көтерілген кезде, неге адамдар есінен танып құлайды. Себебі оттегі азайған сайын адам миының жұмыс істеуі бәсеңдейді. Вейпті тұтынып жүрген жастар «қаншама айлап, жылдап шегемін, ештеңе болған жоқ қой», – дейді. Организмде де адаптациялық кезең бар. Менің жастарға айтарым, сен вейп шегетін болсаң, сенің өкпең соған бейімделеді. Өкпе белгілі бір межесіне келгенде ағзаның қышқылдануы орын алса, бұл онкологиялық ауруларға әкеліп соқтырады.

Бір қызығы, вейптердің қауымдастығы деген бар екен. Олар «вейпті шеккен адам, темекіні тастайды» деп есептейді. Яғни, олар вейптің пайдасы жөнінде баршаға жар салып, сол айтқан сөзі үшін ақы алатын көрінеді. Тіпті сол сатып жатқан адамдардың өзі оның қаншалықты зиян екенін білмейтін де секілді. Себебі, олардың ойынша, вейп – темекіні қоятын таптырмас құрал. Сонымен, вейпке тәуелділік неден туындайды?

– Организмде түзілетін ацетилхолин деген нейромедиатор бар. Ацетилхолин негізінен зейінге жауап береді. Оның биохимиялық құрамы никотинге өте ұқсас. Адам никотинді шегіп, организмге никотин түсетін болса, организм оны «ацетилхолин» деп ойлайды. Содан орысшалап айтқанда, «никотиновая зависимость» туындайды. Адам қандай жағдайда шегеді? Ең алдымен, жұмысқа назары болмағанда, қатты ашулағанда және дәмді тамақтан кейін шегеді. Неге десеңіз, өйткені ас қорыту үшін ацетилхолин бөлінбейді де, содан организм никотинді қатты сұрайды. Егер де тәуелділіктен құтылмайтын болса, вейпті шегіп, темекіні қоямын деу ол біріншіден – жалған әңгіме. Екіншіден, өз- өзіңізді алдау, - дейді дәрігер.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Общественные деятели проявили активную гражданскую позицию
  • Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде АЭС-ке байлансты жиналыс өтті
  • «Қолынан іс келеді»: Президент Дархан Сатыбалдыға қандай баға берді?
  • АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді
  • В Шымкенте проведена информационно-разъяснительная работа по вопросам религии
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер