Түркістан облысының мәселесін Қызылорда мен Шымкент шешеді

Бейсенов.jpg

Қазақстан бойынша табиғи газ бағасы ең жоғары Түркістан облысында көгілдір отын тарифін бекітуде Табиғи монополияларды реттеу комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсыныс-талаптары ескерілмейді. Бұл туралы бүгін аталған департаменттің басшысы міндетін атқарушы Қанат Бейсенов өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

– Газ тарифін бекіту Шымкент қаласында жүргізіледі. Біздің ұсыныс-пікірлеріміз жүзеге аспайды. Оған қатысты департамент ешқандай шара қолдана алмайды. Өйткені реттеуші болып Шымкент қаласы бекітілген. Газ мәселесіне қатысты департаментке күніне кем дегенде екі-үш шағым түседі. Оны біз қарамаймыз. Тарифке қатысты болса, Шымкент қаласына жолдаймыз. Ал, жақпаған газға төлем талап етсе, онымен тікелей Энергетика министрлігі айналысады. Ол бойынша тексеретін мекеме Қызылорда облысында, – деді Қанат Қымбатұлы.

Департамент басшысы міндетін атқарушының айтуынша, газға қатысты тариф биыл өзгеріссіз қалдырылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер