Кентауды жылытуға бюджеттен ақша бөлінбейді

d4132159-631c-43f2-b57b-26c4b0fbecd7.jpg

Кентау қаласының жылыту орталығын жөндеуге бюджеттен қаржы бөлінбейді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажановтың ел алдындағы есебінде айтты.

– Облыс әкімі болып тұрғанымда Кентауға 2007-2008 жылдары қала халқы қатты қиналып жатқан кезде келіп, жекеменшікке өтіп кеткен, істемей тұрған жылыту электростанциясының жартысын сатып алып, іске қосқанбыз. Содан жағдай кішкене дұрысталды. Бірақ, ол түпкілікті шешім болған жоқ. Былтыр келсем, бұрынғыдан да бетер, қираған жерлері көп. Сондықтан жылыту мәселесін түбегейлі шешу үшін техникалық экономикалық негіздеме жасауға тапсырма бердім. Дәурен Сәбитұлы осымен қатты айналысты. Бәрін зерттеп шығып, ЖЭО-5-ті (ТЭЦ-5) қалпына келтіру тиімсіз деген шешімге келдік. Табиғи газды әкеліп, әр пәтерге жылыту қондырғысын орнату тиімді болып тұр. Автономды жылыту пештері қауіпсіз, Еуропа елдерінде, көрші Қытайда қолданылады. Көпқабатты бір күйге тәжірибе жасап жатырмыз. Мұның өте тиімді екеніне көзіміз жетті. Бұл тұрғындарға да өте тиімді. Өзі жағады, бұрынғыдай есепшот келмейді. Жылу бүкіл қалада тартылған құбырлармен жеткізілмейтін болғандықтан шығын болмайды. Барлық жағынан есептеп, осы ұстанымға келіп отырмыз. ЖЭО-ны жөндеп, жылу құбырларын жаңартатын болсақ, ол бізге 40 миллиард теңгеге түседі. Ал қаланың әр пәтерін автономды жылыту қондырғысына қосатын болсақ, шығын 9-10 миллиард болады. 4 есе арзан! Дұрыс есеп-қисап жүргізіп, оны дәлелдеп, негіздемесін жасап, жобалық сметалық құжатын дайындаған нағыз білікті, профессионал әкім деп ойлаймын. Мен оны қолдаймын, – деді Өмірзақ Естайұлы.

Облыс әкімі Кентаудағы көпқабатты 350 үйдің бәрін жөндеуге қаржы бөлінетінін жеткізді. Сонымен қатар, кәсіпкерлерді облыстағы мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында жүзеге асатын жобалардың басым бөлігін Кентауда жүзеге асыруға шақырды. Кәсіпкерлер жолдарды, саябақтарды өз есептерінен салса, келесі жылдан бастап олардың өтемі бюджет есебінен қайтарылмақ. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер