Кентауда үш жарым ауысыммен оқытатын мектеп бар

комезгл.jpg

Үш емес, үш жарым ауысыммен бала оқытатын мектеп Түркістан облысында бар болып шықты. Бұл туралы бүгін Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажановтың ел алдындағы есебіне арнайы келген Қосмезгіл елді мекенінің тұрғыны айтты деп хабарлайды Rgmedia.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

– Бізде мектеп мәселесі, Айтжанов мектебіне қосымша жай керек. Ал, одан да өзекті болып тұрған нәрсе Шорнақ ауыл округындағы Қозмезгіл елді мекеніндегі мектеп. Ескі мектеп. 600 балаға арналған мектеп. Ал, қазір онда 1350-дей бала оқып жатыр. Үкіметтің үш ауысымды мектепті жою туралы қаулысы бар. Ал біздің мектеп, үш ауысымда емес, үш жарым ауысымда оқытады. Соған өзіміздің ауылдық әкім Қосмезгіл елді мекенінен мемлекеттік актісін алған, мектепке арнайы жер бөлді. Және оның жобалық-сметалық құнын да жасады, 1 миллиард 214 миллион теңгеге. Биылдан қалдырмай, осы мектептің құрылысын басты назарда ұстаңыз! – деді Мәлік Есмағанбет (суретте). Оның өтінішін залдағы жұрт қол шапалақтап қостады.

Бұдан хабары бар Кентау қаласының басшысы мәселенің өзектілігін мойындадаы.

– Мектеп мәселесі ең өзекті боп тұр. Қазіргі таңда бізге 11 мектеп керек. 9 мыңнан астам оқушыға орын жетпейді. Оны қамту үшін 5 мың орынға мектеп салуымыз тиіс. 11 мектеп керек. Шамамен әр мектеп құны 1 миллиард болса, 11 миллиард теңге. Әрине, оның бәрін бір жылда салып бітіруге болмайды. Бірақ, бір бағытта бюджет тарапынан, сосын екінші бағытта мемлекеттік-жекешелік бағдарламамен салам деген инвесторлар да бар. Соларды тартып, жаңа мектептер құрылысын тездетеміз, – деді Дәурен Сәбитұлы. 

Мақажановтың ел алдындағы қорытынды есебіне облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып отырды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер