Түркістан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Ордабасы ауданында «Тарихи атауларды қайтару – тарихи жаңғыру кепілі» атты облыстық конференция өтті.
Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша,
шараға облыстық мәдениет басқармасының қызметкерлері, тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері және ауданға қарасты ауылдық округтердің әкімдері мен ономастика саласына жауапты аудан, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Шараның мақсаты ономастикалық атауларды қалпына келтіру, реттеуде басты бағыттардың бірі халықтың қоғамдық санасын жаңғырту аясында жергілікті атқарушы органдардың ономастика саласындағы жұмысын үйлестіру және жүйелендіру болды.
Аталған іс-шарада тарихи атауларды жаңғырту мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің әзірлеуімен «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін жұмыс барысында басшылыққа алу керектігі аталып өтті.
Сонымен қатар Ордабасы, Сауран аудандары мәдениет бөлім басшыларының ономастика саласы бойынша есебі және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы, профессор Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлының баяндамасы тыңдалды. Конференция соңы пікір алмасумен қорытыланды.