Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы талқыланды

40.jpg

 Түркістан облысы бойынша жергілікті жерлердегі ақпараттық-ресурстық орталықтары мен Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын дамыту жобасының қорытынды конференциясы өтті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

«Береке» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев, «Түркістан облысы Азаматтық Альянсы» ЗТҚ Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Шәріпбек Жамалбек қатысып, сөз сөйледі. 

Аудандық ҮЕҰ және ақпараттық ресурстық орталықтардың ағымдағы жылы атқарған жұмыстары, жетістіктері, даму перспективаларын талқылау үшін бас қосқан конференцияда «Түркістан облысы Азаматтық Альянсы» ЗТҚ президенті Инара Намазбаева «Түркістан облысының азаматтық қоғамды дамыту стратегиясы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. 

Жоба менеджері Әсет Кождан «Адам құқықтарының фокусы: әйелдер мен балалар» жобасы – Білім алмасу платформасын пайдалану мүмкіндігі» тақырыбында сөз қозғады. Спикерлер TedX форматында «Кіші қалалардағы үлкен тарихтар» тақырыбында пікір алмасты. 

Шара соңында «Үздік ақпараттық ресурс орталығы» байқауының жеңімпаздары марапатталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: Жаңа индустриялық аймақ—жаңа өндірістік мүмкіндік
  • Түркістан жаңа индустриялық дәуірге қадам басты
  • Түркістан өндірістік өңірге айналып келеді
  • Түркістан мен Измир байланысы жаңа кезеңге аяқ басты
  • Нұралхан Көшеров: Өзбекстанмен экономикалық әріптестіктің нығаюы рухани жақындықтың заңды жалғасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер