Озық идеялар мен жобалар жәрмеңкесі

41.jpg 

Түркістанда ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың дамуына қолдау көрсетіп, әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне үкіметтік емес ұйымдарды тарту жұмыстары қорытындыланды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Шара Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ТО Азаматтық Альянсы ЗТҚ бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. 

Жиынның мақсаты - озық идеялар мен жобалар жәрмеңкесін ұйымдастыру арқылы үкіметтік емес ұйымдардың абыройын арттырып, қоғамда беделін маңызды екендігін айқындау. Кездесуде әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысушылар өз жобаларын қорғап, көпшілікке таныстырды. Жалпы 30 өтінім келіп түскен.

Шарада алғашқы болып сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бахыт Ахымбетов барша қатысушыларға сәттілік тілеп, озық ойлардың қоғам үшін пайдасы зор екендігін айтты. 

Басқосу соңында оза шапқан қатысушылар марапатталып, арнайы алғыс хаттар табысталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер