"Turan zhastary” шарасы өтті

42.jpg

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен 25-26 қараша күндері "ЖАЛЫН" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тау самалы» демалыс аумағында "Turan zhastary” атты іс-шара өтті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Игі шара жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттік ұйымдарымен жастар ұйымдарының бірлескен тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған. 

Жалынды жастардың басын біріктерген шараның ашылу рәсіміне Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бахыт Ахымбетов, басқарманың отбасы және жастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Нүркен Аралбеков және "ЖАЛЫН" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрмет Керімбеков қатысты.

- Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Тұран жастары» шарасы - тәжірибе алмасу алаңы. Осы екі күнде сіздер бір-бірлеріңізбен тәжірибе алмасып, жаңа достар табады деп үміттенемін. Аталған шара әлеуметтік, кәсіптік, білім-дағдылық дамуларыңызға өз үлесін қосады деп сенеміз, - деді басқарма басшысының орынбасары Бахыт Ахымбетов.

Шара аясында білікті спикерлер көкейкесті мәселелер бойынша семинар тренингтер өткізді. Спикерлер қатарында «Отырар» телеарнасының жүргізушісі, диктор Жанат Тоқтарбай мен Жанерке Құмар, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов, қоғам белсендісі Данияр Алан және облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Құрмет Керімбек, сондай-ақ облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ерасыл Төлебаев, заңгер Ермек Бекбосынов, блогер Асхат Шотаев болды. 

Жиында спикерлер киберпсихология, қоғам алдында сөйлеу, NEET жастармен жұмыс жасау бойынша ұсыныс, сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ мемлекет және жастар сынды тақырыптарда қызықты ақпараттармен бөлісті. Пайдалы тренингтерден кейін жастар кешқұрым «Домбыра party» шарасына қатысып, өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алды. Жастар қоңыр үнді домбыра күйін тыңдап, гитарамен әуезді ән шырқады. 

Шараның екінші күнінде жастарға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында шағын футболдан жарыс өтті. Сайыс нәтижесінде жастардан құралған командалар легі өте тартысты ойын көрсетіп, жеңіске жеткен топ қаржылай сыйақыға ие болды. Нәтижесінде, I орын - "13 регион" командасы 200 000 теңге сыйақымен, ІІ орын - "Тұран жастары" командасы 150 000 теңге сыйақымен марапатталды. Сонымен қатар, ІІІ орын - "Жетісай" командасына 50 000 теңге, ІV орын - "Бауырлар" командасына 50 000 теңге сыйақы берілді.

Ал "Үздік ойыншы" номинациясымен Сәулет Сейсенбаев, "Үздік Қорғаушы" номинациясымен Мардан Сапатай марапатталса, "Жартылай қорғаушы" Ернар Бектаевқа, "Үздік Шабуылшы" Әсет Мұхтарұлына бұйырды. Сондай-ақ, "Үздік Қақпашы" номинациясына Қайрат Ақтөре және "Үздік Капитан" номинациясына Әбдез Рахман ие болды. Ал "Үздік гол" авторы Ибраим Ибрагимов болды.

Форум соңында қатысушылар облыс жастарына арналған Резолюцияны қабылдап, жастарды "Turan zhastary” платформасына белсенді атсалысуға, облысымыздағы жастардың әлеуметтік, кәсіптік, білім-дағдылық дамуына өз үлесін қосуға шақырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер