Сайрам ауданында жол картасын іске асыру мақсатында аудан, қалаларда жастарға білім беру, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша ақпарат және консультация беруге бағытталған арнайы жұмысшы топ Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің 3-4 курс білім алушы жастарымен еркін форматта кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысы Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлы және аудандық бірқатар бөлім басшылары мен арнайы сала мамандары қатысты.
"Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ директоры Абзал Казанкапов жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды тілге тиек етті.
Сондай-ақ, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Нұрмахан Сапарбаев бөлім тарапынан жастарға жасалатын жеңілдіктер туралы баяндады.
Кездесуге келген мамандар жастармен бірге тақырып төңірегінде өз ойларымен бөлісіп, жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, қойылған сұрақтарға сәйкес жауаптарын алды.
Еркін форматта өткізілген жиында колледж басшысы Нұргүл Жақсылыққызы түйіндеп, жастардың жұмысқа орналасуы, кәсіпкерлікке оңай қол жеткізуіне, өндірістермен тығыз байланыста болуларына, бітіруші түлектердің мамандыққа сай өндірістен жұмыс табуына бірігіп шешімін табу, жастарға қолдау жасап, Жаңа Қазақстанның бастамашыл жастарын бірігіп қолдау керектігін жеткізді.
Тақырып төңірегінде ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.