Төлеби ауданы әкімінің кезекті кездесуі Кемеқалған ауылдық округінде өтті. Бұл туралы Төлеби ауданынының әкімі Төлеген Телғараев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Округтегі аудандық маңызы бар жолдар - 32,9 шақырымды құраса, оның қанағаттанарлық жағдайы биылғы жылы 94,2 пайызға жетті. Елді мекеннің ішкі көшелері – 48,1 шақырым. Облыстық маңызы бар КХ-11 «Сарыағаш – Жылға –Монтайтас – Рабат - Ленгір» 15,6 шақырым автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Облыс тарапынан жолды пайдалануға қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы - 2,7 шақырымды құрайтын Әңгірата елді мекеніндегі Жастар, Дегерез көшелерінде тас төсеу, труба орнату, асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Әңгірата елді мекеніндегі ұзындығы 2,6 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар «КХТЛ-4 Ақбастау - Әңгірата» жолын орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы негізінде Ақбастау елді мекеніндегі 2,9 шақырымды құрайтын Төртшал көшесі, Қаратөбе елді мекеніндегі 2,92 шақырымды құрайтын Ақбосаға, Ақбура, Ынталы көшелері, Ұйымшыл елді мекеніндегі 1,2 шақырымды құрайтын Шоқалақ көшелерін жөндеу ұсынылды.
Округ негізінен табиғи газбен қамтылған. Аймақтағы абонент саны – 861 үй, ГРПШ саны - 723 дана, газ тұтыну көлемі 5080,1 м3/сағат. Қарақия елді мекеніндегі, Қарақия көшесіндегі 12 үйге, 3,5 ш.қ газ құбыры тартылып, 10 дана ГШРП орнатылған. Алайда газға қосу үшін «ИнтергазОрталықАзия» АҚ хат жолданып, газға жаңа техникалық шарт алу жұмыстары жүргізілуде.
Округ аумағындағы ауыз су тұтынатын абонент саны - 7392. 2022 жылы Әңгірата елді мекенінің 7,9 шақырымына су құбыры тартылып, бұлақ басын қоршау, жұмыстары жүргізілді. Аудан бюджетінен бөлінген қаржыға Ақбастау елді мекеніндегі «Қотыр бұлақ» бұлақ бастауының және су резервуарының санитарлық аумақтары темір қоршаумен қоршалды.
Әңгірата елді мекеніндегі Ардагер және Жастар, Абай е/м, Қаратас және Қошқарата, Ұйымшыл е/м, Шоқалақ және Шенгелсай көшелеріне 7 дана трансформатор, 550 дана бағана орнатылып, 14,7 шақырым электр желілері тартылып, іске қосылды. Қаратөбе елді мекеніндегі Қаратөбе, Қазығұрт, Ынталы көшелеріне трансформаторлық станциядан электр желілерін ауыстыру жұмыстары басталды. Бүгінге бағаналары тасымалданып, орындары қазылуда. Аталған елді мекеннің Ақбура, Сұңқар, Руханият көшелерінің электр жүйелері «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің ЖТ инвест бағдарламасы аясында жөндеуден өтті.
Қарақия елді мекеніне 1,5 шақырым түнгі жарық ортанылылып, трансформатор қойылды. «Шымкент Цемент» АҚ демеушілік есебінен Ақбастау елді мекенінің 6,1 шақырым ішкі көшелеріне түнгі жарық орнатты. Әңгірата елді мекенінің орталық көшесіне аллеяға қоршау орнатылып, Қарақия елді мекеніндегі Қарақия көшесіне аяқжол салу, Ұйымшыл елді мекеніндегі Шоқалақ көшесіне суағар қою үшін қаржыландыруға ұсынылды.
Үшінші тоқсанда өткен кездесуде тұрғындар көтерген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар:
• Ақбастау елді мекені, Төртшал көшесіне ұзындығы 1,6 шақырым жолға асфальт төсеу үшін сметалық құжаттама әзірленіп, аудандық бюджет қарау комиссиясына ұсынылды.
• Ақбастау елді мекені, Төртшал, Талдыбастау көшелеріне 1 дана трансформатор орнату және 3,4 шақырым электр желілерін жүргізу мақсатында нысанның жобалау-сметалық құжаты әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылады.
• Әңгірата елді мекеніндегі 7,9 шақырымға су құбыры тартылып, бұлақ басын қоршау жұмыстары жүргізілді.
• Ұйымшыл елді мекені тұрғындары пайдаланатын «Қошқарата» бұлақ басы «Ленгер су» мекемесі тарапынан тазаланды.
• Кемеқалған ауылдық округіне лоток құрылысы үшін қаржы қаралған. Қазіргі таңда мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде.
-Қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында өткен кездесуде халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіріп өттім. Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде тұрғындар қойған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін назарға алдым,-деп жазған аудан басшысы.