Өнеркәсіп саласы өрге басуда

Сауран ауданы бүгінде айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп отыр. Бұл нәтижеге қол жеткізуде аудан басшысы Ғани Рысбековтың салалық бөлімдер мен тиісті мекемелердің, ауылдық округтердің ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін бағамдайтын арнайы бекітілген нысаналы индикаторларға уақытында қол жеткізуін, яғни меженің орындалуын жыл басынан бері назарда ұстауы сеп болғанын айта кетуіміз керек.

Screenshot_13.jpg

Мәселен ауданның экономикалық даму деңгейін айқындайтын өнеркәсіп саласында биылғы жылдың 3 айында 1 миллиард 456,9 миллион теңгенiң өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 89,2 пайызды құраса, өнеркәсіптегібасты сала өндеу өнеркәсібінде 1 миллиард 38,9 миллион теңгенің өнімі өндірілген. Нәтижесінде өсім 78,8 пайызды көрсеткен. Ал қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша инвестиция 3,2 миллиард теңгені құрап, 111,2 пайызға жеткен. Жыл бойы жүйелі атқарылған жұмыс нәтижесінде қазір аталған салаларда көрсеткіш біршама өсіп отыр екен. Мәселен 2022 жылдың қаңтар-қазан айы аралығында инвестиция көлемі 15,7 миллиард теңгеге артығымен орындалып отыр. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласы 6,8 миллиарл теңгеге жетті. Ал өңдеу өнеркәсібіне тиесілі көрсеткіш – 4,4 миллиард теңге. Сол секілді аудандық бюджеттің өткен есепті мерзімімен салыстырғанда 5 есеге өсуі де үлкен жетістік.

– Өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің мүмкіндігін пайдалана отырып және ауданның географиялық орналасу жағдайын ескере келе, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта қарқынды жүргізілетін болады. Басты мақсат – жаңа жұмыс орындарын ашу және аудандағы жұмыссыздық деңгейін түбегейлі жою. Елімізде кез келген кәсіпті меңгеріп, оны жүргізуге, дамытуға және жетілдіруге барлық мүмкіндік жасалған. Мемлекет тарапынан қолдау көрсететін арнайы бағдарламалар да жеткілікті. Сондықтан болар аудан құрылғалы бері өз кәсібін бастағысы келетін азаматтардың саны күн санап артып келеді, – дейді аудан әкімі Ғани Құрмашұлы.

Биылғы жылды Сауран ауданы жақсы жаңалығымен аяқтайды деген сенім мол. Мұндағы ел игілігі үшін жүзеге асырылып жатқан бірқатар маңызды жобалар саурандықтарды табысқа жетелейтіні анық.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер