Ауылда баспана салғысы келетіндер көп

Үшқайық ауылдық ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін былтыр 350 жеке азаматтан өтініш түсіпті. Ал қазіргі таңда жеке тұрғын үй салып алуға өтініш бергендер саны мыңнан асып кеткен. бұл туралы аылдық округінің әкімі Мұхтар Шалаев айтып берді.

Screenshot_12.jpg

Оларға жер телімін беру үшін алдымен инфрақұрылымдық жағдай жасап, асфальт салып, электр жүргізіп, су желісін тартуға, газ жүргізілуі керек. Жақында Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков он екі ауылдық округті аралаған кезінде осы мәселеге арнайы тоқталған. Ол өз сөзінде «Бес отбасының бір үйде тұрып жатқандарын да көрдім. Жер кезегінде тұрғандарға баспана салу үшін 10 соттық жер беріп, оған инфрақұрылым жүргізу қаражаты мәселесін респбуликалық бюджет арқылы қарастырып шешпесек, басқа жолы жоқ», – деген еді.

Бұған дейін заңдастырылмаған үйлер де заңдастырылуда. Ауылдық округ бойынша 42 құжатсыз салынған тұрғын үй заңдастырылып беріліпті. Нұртас елді мекені бойынша тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіндегі азаматтарға 150 гектар жер телімі жоспарланып, қазіргі таңда құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Теке елді-мекені бойынша тұрғын үй үшін берілетін бос алаңшаларға инфрақұрылым жұмыстары үшін тиісті құжаттар дайындалуда. С.Қожанов және Жалаңтөс елді мекендерінің бас жоспарларын жасау үшін Сауран аудандық «Сәулет және қала құрылысы» бөліміне ұсыныс жасалды. 2021 жылғы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне түгендеу жұмыстарының нәтижесінде пайдаланылмай жатқан жалпы алаңы 1270 гектар жер телімі анықталыпты. Оның 920 гектары суармалы, 350 гектары жайылымдық жер. Аталған жер пайдаланушылар жер телімдерін игермеген жағдайда сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылады екен. Бір айта кетерлігі сауран жаңадан құрылған аудан. Оның әлеуметтік-экономикалық әлеуеті енді ғана қалыптасып келе жатқанын ескеру керек. тұрғындар өтініші ескеріліп, облыс немесе республикалық қазынадан қаржы қарастырылса, инфрақұрылымы жүргізілген жер телімдерінің тұрғындарға үлестірілетін уақытта алыс емес деген сенімдеміз.

Мұндағы екінші өзекті мәселе мал жайылымының тарлығы. Ауыл округіндегі ауыл тұрғындарының ортақ мал жайылым үшін жалпы көлемі 5986 гектар жер бар. Теке елді-мекенінен қызметтік үй құрылысы үшін 0,34 гектар, Нұртас елді-мекенінен саябақ үшін үш гектар, тас арық (лоток) үшін 2,52 гектар және бес мазараттың жер телімдеріне шешімі шығарылып, мемлекеттік акт алынған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер