Бірінші тоқсанның үздіктері Түркістанға саяхат жасады

Міне, жаңа оқу жылының екінші тоқсаны да басталып кетті. Ұстаздар мен оқушылардың мектептегі өмірі өз жалғасын тауып, әр 45 минут сайын қоңырау сыңғыры естіліп, сабақтың сәні ажарлана түсті.

Screenshot_31.jpg

«Мектеп Жаңа Иқан» ЖШС негізгі білім беру мекемесінде 2022-2023 оқу жылының бірінші тоқсан үздіктеріне тарихи орындарға саяхатқа жолдама берілген болатын. Күзгі демалыс кезінде үздік оқушылар ата-аналар комитетінің төрағасы Даврон Юнусов, бастауыш сынып мұғалімі Назокат Бахрамова, математика пәні мұғалімі Насиба Бабаханова, дене шынықтыру пәні мұғалімі Шохрух Юлдашов, информатика пәні мұғалімі Едгар Хакимов, химия пәні мұғалімі Икром Хашимовтардың басшылығында облыс орталығы – Түркістан қаласына саяхатқа барып қайтты. Киелі қаланың көрікті жерлерін аралап, тарихи орындарда болып, жасөспірімдерге арналған орындарда шат-шадыман ойнап, жадырап, мәз-мейрам болған балалардың тәтті күлкісіне жетер не бар десеңізші! Осындай құанышты сәтті сыйлаған мектеп басшылығына дән риза болып жүргені күлімдеген жүздерінен көрініп-ақ тұр.

Баланы оқуға ынталандыратын осындай шараны ұйымдастырған мектеп басшылығының игі бастамасын ата-аналар да құптап, мектеп басшыларына өз жылы лебіздерін білдіріп жатты.

Баланың білімге болған ынтасы дәл осындай қадамдар арқылы арта түсетінін ескере отырып, біздің де рақметтен басқа айтарымыз жоқ.

- Жас ұрпаққа есте қалар тағылымды шараларды жиі ұйымдастыру маңызды. Мектеп оқушыларының еліміздің киелі жерлеріне саяхаты дәл осы бағытта әр тоқсан сайын жалғаса бермек. Бұл – баланың оқуға деген құштарлығын, бәсекелік қабілетін арттыру мен қатар жас ұрпаққа тарихи орындарды көрсету, олардың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, киелі жерлер жайлы танымын кеңейтуді көздейді, – дейді мектеп директоры Дилноза Моминова.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер