Аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады

Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков жеке қабылдау өткізіп, тұрғындар мәселесіне назар аударды.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында азаматтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне назар аударып қана қоймай, олардың түйткілді әрі өзекті мәселелерін шешу көзделген. 

Screenshot_49.jpg

Тұжырымдама азаматтармен сындарлы қоғамдық диалог жүргізуге негізделген. Президенттің түрлі деңгейдегі шенеуніктерге қойған талабы – осы. 

Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Аудан әкімінің жеке қабылдауына 13 ауыл тұрғыны келіп, түрлі жеке мәселелері бойынша өздерінің өтініштерін жеткізді. Атап өтсек, Шорнақ ауылдық округінің тұрғындары Ш.Данияров жұмысқа тұру және су мәселесін, Н.Төлендиев «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келінін жұмысқа тұрғызуды алға тартса, Р.Назбеков тұрғын үйі бұзылуына орай, орнына жер беруін, Г.Исабекова зағиптар қоғамына іс-шара ұйымдастыру, Н.Сыздықова жұмысқа орналастыру, Майдантал ауылдық округі, Егізқара елді мекенінің тұрғыны Г.Илясова ауылдағы жол, электр жарығын, Оранғай ауылдық округі, Қотырбұлақ елді мекенінің тұрғыны Қ.Төлемісова үйі өртеніп кетіп, материалдық көмек сұраған. Сонымен қатар Шаға ауылдық округінен Б.Наргөбеков спорт саласы бойынша мәселесін шешуді сұрады.

Ал Жүйнек ауылдық округінің тұрғындары А.Мавланов жайылым жер, И.Рысбаева көше бойындағы жарық, ауыз су, Н.Темирова үйінің жанынан үш-төрт метр жол ашып беруін және атаулы әлеуметтік көмек, А.Абдувахапов ауыз су, Бабайқорған ауылдық округінің тұрғындары Қ.Жолымбетов жол мәселесін, Л.Жанабилова көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек, Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны А.Сакенқызы жер мәселесі, Ескі Иқан ауылдық округінен Э.Ирисметов ұлын жұмысқа орналастыруды сұрап, өз өтініштерін жеткізді. 

Жеке қабылдауда аудан әкімі Ғани Рысбеков ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, тиісті шешім қабылдап, орындалуына ықпал ететінін жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер