«Қасіретті қаңтар» оқиғасы тәртіп сақшылары үшін нағыз сынақ болды. Ол кезде арандатушылардың кесірінен шерулер жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Оның ақыры мемлекетке қарсы бүлік шығаруға әкеп соқтырды» дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Дәурен Сапиев.
Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген қанатты сөзін осы кезде ел азаматтары естен шығарып алғандай болды. Арандатушылардың айтағына еріп, қоғам тыныштығы бұзылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жұртты арандатушылардың көбі шартты немесе жеңіл жазамен құтылып кетті. Шын мәнінде, олардың кінәсі әлдеқайда ауыр. Өйткені, жағдайды қасақана ушықтырды. Соның салдарынан іс насырға шауып, қайғылы оқиғалар болды. Осы оқиғаға байланысты Президентіміз талдау жасай келіп, қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетіп, рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдады.
«Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым. Рақымшылық жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысы бар адамдарға, сондай-ақ, мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті күшпен басып алуға әрекеттенгені үшін айыпталғандарға қолданылмайтыны түсінікті. Сондай-ақ, лаңкестік және экстремистік қылмыс жасағандарға, рецидивистерге, жұртты азаптағандарға рақымшылық болмайды. Біз адамгершілік таныта отырып, осы қайғылы оқиғадан тиісті қорытынды жасаймыз. Мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбайды. Бұған жол бермейміз», деп түйінін қойған еді Президент.
Шындығына келгенде «Қаңтар оқиғасы» мемлекетіміз үшін зор сынақ болды. Онда орын алған оқиғалар расымен де бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Сол күндері ел халқы Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінгендей болды.
Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысушыларға байланысты «Рақымшылық жасау» туралы заңға қол қойды. Иә, бұл жолғы рақымшылықтың жөні бөлек.
«Біз адамгершілік таныта отырып, осы қайғылы оқиғадан тиісті қорытынды жасаймыз. Мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбайды. Бұған жол бермейміз», - деді Президент.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған адамдардың отбасына материалдық қолдау көрсету жөніндегі бастамасы да әділ шешім болды. Бұл қоғамдағы түйткілді мәселелердің өз уақытында шешілетінін көрсетті.