Жылыжайдан 500 тонна болғар бұрышын жинаған

Тәуекел етіп тірлікке ниет танытсаң болғаны. Қалың орта іздеп, қала кезіп қоныс аудармай-ақ, тұрғылықты жерден табысыңды айырып, іс жасауға болады. Тек ебін таба білсең болғаны. Кәсіп қайда да кәсіп.

Screenshot_54.jpg

Мәселен, Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округіндегі «Дидар» шаруа қожалығының жылыжайында болгар бұрышы, қияр, қызанақ өсірілуде. Бұл кәсіппен қожалық жетекшісі Мәден Ыбырайым 2013 жылдан бері айналысып келеді. 

- Біз ерте көктемнен бастап шаруашылықтың 6 гектар алқапқа орналасқан жылыжайда бірнеше көкөніс түрін көшеттен өсіреміз. Мәселен биыл 200 мың көшет болгар бұрышының өсірілуіне басымдық бердік. Өйткені болгар бұрышын, қызанақты көптеп пайдалану, жаз бойы қысқа дайындық ретінде салат жабу, томат әзірлеу біздің өңір халқының негізгі жұмысы. Сол себепті осы көкөністі көп мөлшерде шығарудамыз, -  дейді жас агроном Ернұр Бабаханов.

Кәсіпкер көшеттерді наурыз айынан бастап жылыжайға отырғызады.  Жылыжай корейлік құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Қазір мұнда 8 адам жерді алдағы науханға баптау үстінде. Олар дәрумендерді уақытылы беру, тамшылатып суару технологиясын жетік меңгерген диқаншылар. Жалақылары 90 мың теңгені құрайды. Жұмыстың көбею маусымына қарай мұнда 50-60 жергілікті тұрғын маусымдық жұмысқа тартылады. Жылына 2 рет өнім алынатын жылыжайда аталмыш көкөністерді  өсірудің тікелей шы-ғыны дәні, тыңайтқышы және агрохимикаттар болып табылады екен. Десе де, «шығыс болмай, кіріс болмайтынын» назарда ұстаған шаруа иесі бүгінде 200 мың көшет болгардан 500 тонна өнім алған. Оны Түркістан қаласынан бөлек,  басқа да аудандарға өткерген. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер