Цифрландыру – дамудың кілті

Screenshot_5.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында цифрландыру – сәнге айналған үр¬діске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабі¬леттілігін арттырудың негізгі құралы екенін атап өтті. 

«Ең алдымен, цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен барынша қамтамасыз ету керек. Бүгінде бұл жолдар мен электр қуаты сияқты негізгі қажет¬тілікке айналып отыр. Мекемеаралық байланыста да, азаматтармен қарым-қатынас кезінде де қағазбастылықтан барынша бас тартқан жөн. Жыл соңына дейін ең қажетті анықтамалардың қағаз түрінде талап етілуін тоқтатып (47-ден 30-ы), мәліметті цифрлы түрде растау тәсілін қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді Президент. Ал Мәжілісте сөйлеген сөзінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректерін ресми және қағазбен дәлелдеуді қажет етпейді деп тану керектігін айтты. «Олай болмаса, цифрландыруды не үшін енгізіп жатырмыз? Цифрландыру сәнді ойыншық емес қой. Ол мемлекеттік аппарат функциясын орындау тұрғысынан пайдалы болуы қажет», –деді Мемлекет басшысы. Осы орайда облыс орталығы Түркістанда «Қауіпсіз қала» жобасы аясында жүйелі жұмыстар жасалуда.

Шаһарда бүгінде аталған жоба аясында 200-ге жуық бейнебақылау камерасы орнатылған. Олар: «Жеңіс» саябағы, «Алтын Орда» автобекеті, «Керуен сарай» сауда кешені, «Қуаныш» базар бағыты бойынша, Тәуке хан даңғылы, С.Ерубаев, М.Тынышқұлов, Төле би, Нышанов көшелері, Түркістан теміржол станциясында іске қосылған. Камералар 24/7 қағидасы бойынша жұмыс істейді. Бейненің сақталу уақыты – 30 күн. Жоба мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарының өмір сүру сапасын арттыру, қаладағы қылмыстың санын төмендету болып табылады. Бейнебақылау камералары іске қосылғалы Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 187, 188, 293 баптары бойынша 80-ге жуық қылмыстық іс ашылған. Одан бөлек, шаһар аумағының қауіпсіздігін күшейту мақсатында 11 дана «SOS» шұғыл жәрдем батырмасы қойылған болатын. Батырмалар арқылы оқыс оқиға болған жағдайда, облыстық ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерімен тікелей байланысып, көмек алуға болады. Бүгінде аталған батырмалар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағы, «Гүлдер», «Жібек жолы», «Жеңіс» саябақтарында және Кіші арбат пен Керуен сарай кешенінде жұмыс істеуде.

Түркістан қаласы облыс орталығы болған уақытта қала аумағында Kcell, Beeline, Tele2 ұялы байланыс операторларының  113 базалық станциясы болған. Сол уақыттан бері қала аумағында «Кселл» АҚ 20 жаңа базалық станция, Билайн ұлы байланыс операторы 18 жаңа базалық станция, Теле2 ұялы байланыс операторы 5 жаңа базалық станция орнатып, іске қосты. Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы шаһар аумағы ұлғайып, Отырар, Жаңа қала сынды мөлтек аудандар ашылды. Осы ретте, аталған жаңа мөлтек аудандарда интернет сапасы бойынша тұрғындардан арыз, шағымдар келіп түсуде. Арыз, шағымдар сәйкесінше заң аясында қаралып, өңірлік байланыс инспекциясына жолдануда. Сонымен қатар, 5G жүйесіне еліміз бойынша қалалық ауқымда алғашқылардың бірі болып, Түркістан қаласы қосылды. Түркістан қаласының бүкіл тарихи әрі маңызды орталығын қамтитын 9 сыртқы станция дайындалып, толық жұмыс істеп тұр. 5G желісі 4G желісінен шамамен 10 есе жылдам және 150-200 Мбит/с құрайтын орташа жылдамдықпен жұмыс істеуге есептелген. Шарықтау жылдамдығы 1 Гбит/с-тан асуы мүмкін. Бүгінде Түркістан қаласы әкімдігі, «Конгресс Холл» сарайы, «Түркістан Арена» стадионы, автовокзал, «Фараб» кітапханасы, «Батыр» жастар сарайы, Керуен сарай, «Rixos» қонақүйі сияқты маңызды туристік нысандарда бесінші буынды 5G мобильді интернеті іске қосылды. Қазіргі таңда, Түркістан қаласында 5G желісіне 564 986 абонент тіркеліп, 7835 абонент 5G желісіне қосылып, пайдалануда. 

Түркістан қаласында 2020 жылы 20 қарашада 109 бірыңғай байланыс орталығы құрылған болатын. Аталған жүйе облыс тұрғындарының жергілікті атқарушы орындарға келу қажеттілігін азайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында енгізіліп, қазіргі таңда орталық тұрғындар игілігі үшін жүйелі жұмыс істеуде. Тәулік бойы тұрғындардың шағымын қабылдайтын, заманауи техникалармен жабдықталған орталық #АшықӘкімдік, #ХалықтықӘкімдік тұжырымдамаларына сай іске асқан. Түркістан қаласында құрылған 109 орталығының оң тәжірибесі 2022 жылдың 18 шілдесінде бүкіл облыс аумағына ендірілді. 109 орталығына облыс тұрғындары қысқа 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы, Whatsapp (+77011313109) желісі; Instagram (@turk.obl_109);  Facebook (байланыс орталығы) және «Aikey» мобильді қосымшасы арқылы өтінім тастау мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда 257477 өтініш өңделді, оның 9771-і мерзімі бұзылып орындалған, 324 өтінім жұмыс үстінде. 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылы облыс еліміз бойынша жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша 2-ші орында болған.  Осыған байланысты, 2021 жылғы 31 наурызда Түркістан облысының әкімдігі, Түркістан облысының полиция департаменті және «Көркем Телеком» ЖШС арасында 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге «Сергек» пилоттық жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Пилоттық жоба аясында Түркістан қаласының қиылысында 26 «Сергек» кешені, Желілік учаскелерде 40 кешен және 200 жалпы бейнебақылау камерасы орнатылды. Пилоттық жобаны іске асыру кезінде жол-көлік оқиғаларынан қаза болу мен зардап шеккендер саны тиісінше 31% - ға және 41% - ға төмендеді. Сонымен қатар, 2022 жылдың 20 сәуірінде Түркістан облысының автожолдарында 10 аппараттық бағдарламалық кешен іске қосылды (Спатаев, Көкарал, Қайнар, Шұбарсу, Атамекен, Құлтума, Қарабұлақ, Рабат, Бесқұбыр елді мекендері, а-15 жаңа дәуірге бұрылыс трассасы). Жыл соңына дейін қосымша 33 кешен облыстық трассаларда қосылады. Түркістан қаласында 200 дана «Сергек» жалпы бейне бақылау камерасы және қала әкімдігімен 2020 жылы қойған 200 дана бейне бақылау камерасы, яғни жалпы 400 камера бар. Ағымдағы жылдың тамыз айында осы жалпы бейнебақылау камералар арқылы құқықбұзушылықтарды (жол ережелері, көгалдандыруды бүлдіру, қоқыс тастау, қоршаған ортаны ластау және т.б) анықтау және алдын алуды күшейту мақсатында «Цифрлық даму орталығы» қызметкерлерімен камераларға бақылау жүргізу үшін облыстық полиция департаменті, облыстық экология департаменті мен меморандумдар бекітілді. 

Өңір тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін туристтік жерлерге 38 дана тегін wifi желісі орнатылды. Қазіргі таңда желімен пайдаланушы саны – 30 мыңға жуық. Бұдан бөлек, туристтерге облыс орталығында ыңғайлы келіп кету мақсатында 2ГИС және «Яндекстакси» сервистері енгізілді. Түркістан қаласында жолаушы тасымалдау үшін 220 қоғамдық көлігі қызмет көрсетеді. «AlemPay» ЖШС-ы тарапынан қоғамдық көліктегі төлем жүйесі 91 қоғамдық көлікке ендірілді. 2022 жылдың басынан 7 миллионға жуық тасымалданған жолаушының 50 пайызы электронды төлем жүйесін қолданды. Қазіргі таңда осы көрсеткішті 100 пайызға жеткізу бойынша жұмыстар атқарылуда. Геопорталға 60-тан астам тақырыптық қабаттар жүктелген, мәліметтер базасындағы объектілердің жалпы саны 14 миллионнан асады. Геопорталда 350-ден астам пайдаланушылар ақпаратқа қолжетімділіктің аумақтық және тақырыптық бөлінуімен тіркелген. Пайдаланылмаған егістік жерлерді анықтау мақсатында облыстың 4 ауданында ауылшаруашылық жерлеріне ғарыштық мониторинг жүргізілді (3 698 га), 1125 жерді тартып алу және жерді мақсатсыз пайдалану бойынша – 505 фактілер анықталды. Космомониторинг арқасында 2021-2022 жылдар аралығында екі жыл қатарынан құрылысы тоқтаған 6467 нысандар анықталды. 1512 жаңа коммерциялық нысандар анықталды. Аталған фактілердің барлығы салық органдарына жолданды. Сонымен қатар, облыстық мемлекеттік кірістер департаментімен бірлескен меморандум бекітілді. Меморандум аясында басқарма тарапынан 134 676 салық төлемеген тұрғындарға СМС хабарламалар жіберіліп, ескертудің нәтижесінде бюджетке 410 млн теңге қаржы түсті. 

Түркістандағы мемлекеттік мекемелер де цифрландыру жүйесінде белсенділік танытуда және өңірдегі серіктестеріне бұл бағытта қолдау көрсетуде. Мысалы, ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімше тарапынан 2022 жылы ауқымды іс-шаралар атқарылды. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа әкімшілік ғимараты қолданысқа берілуіне байланысты ескі ғимаратта орнатылған прокси-сервер, бірыңғай құжат айналым жүйесінің серверін және  және IP, VPN арналарын  жаңа мекен жайға ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Департаменттің жаңа серверлік бөлмесін барлық талаптарға сай жабдықтау және температуралық режимнің сақталу тәртібін ескере отырып жабдықталды. Департамент аппарат қызметкерлерін жұмыс станцияларымен толық қамту мақсатында 74 моноблок таратылып тиісті базалар енгізіліп жұмыс қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Көктемде бөлімше тарапынан аудандарға іссапар ұйымдастырылды, оның мақсаты жаңа ғимаратқа көшкенге дейінгі қолданыста болған 24 дербес компьютерлерді қала, аудан басқармалармен бөлімдеріне тарату, орнату, әдістемелік көмек көрсетілді. Департаменттің ішкі байланыс жүйесін құру аясында 5 сан нөмірлі SIP телефондары орнатылды. Түркістан қаласының қалалық әкімдігінде орнатылған ретрансляторды Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің оқу мұнарасына «Маяк Broadcast» ЖШС қызметкерлерімен бірлесе отырып орнатылды. Құлақтандыру жүйесіне тоқсан сайын техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, атқарылған жұмыстар нәтижесін жетекшілік ететін департаментке баяндалды. Құлақтандыру жүйесіне көрсетілетін техникалық қызмет көрсету жұмыстарына қажетті қаражат бөлу жұмыстарын пысықтап, техникалық ерекшеліктер әзірленді. Департаменттің жаңа әкімшілік ғимаратының қолданысқа берілуінен МӨСБ-1 орналасқан дағдарыс жағдайларындағы басқармасын және күштермен құралдарды басқару орталығының бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметін толығымен департамент ғимаратына көшірілді. Осыған орай «112», «101» қызмет арнасына жалпы саны 9 байланыс құрылғылары беріліп микробағдарламалары орнатылды. Облыс аумағында орнатылған құлақтандыру жүйелерін орталықтан басқару пульті дағдарыс жағдайлар басқармасының кезекшілік ететін бөлмесіне орнатылды. Республикалық деңгейді қамтитын қысқа толқынды радиостанция департамент ғимаратының үстіңгі бөлігіне орнатылды. Сондай-ақ департаменттің және оның ведомстволық бағынысты бөліністерінде орнатылған жұмыс станцияларын залалдағыш вирустардан, вирусты шабуылдардан қорғау мақсатында министрлік тарапынан орталықтандырылған түрде 150 дана лицензияланған антивирус бағдарламалын орнату жұмыстары пысықталуда. Өткен жылы демонтаждалған ескі 5Ф88 және П-160, 165 аппаратураларын түгендеп өрт сөндіру бөлімдерінің қоймаларына қойылған. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде «iQala» астаналық қызмет көрсету орталығының оң тәжірибесін масштабтау тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында Кентау қаласы геоақпараттық порталы базасында ұқсас сервисті іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде http://ikentau.kz/. Автоматтандырылған жүйе табиғи монополия субъектісінің кеңсесінің жұмысын оның ішінде техникалық шарттарды беруге өтінішті қабылдауды, бизнес-процесс бойынша өтініштің өңделу процессін (мекеме қызметкерлері арасына өтінішке сәйкес құжат айналымын) толық автоматтандыру арқылы өтініштің қаралу уақытын жеделдетеді. Осы портал арқылы Түркістан облысының тұрғындары газ, ауыз су, жарық, жылудың инженерлік желілеріне қосылу үшін онлайн түрде өтініш беріп, нәтижесі бойынша техникалық шарттарды, берешегі жоқ анықтама, келісім-шарттар және тағы басқа қызметтерді алуына болады. Ақпараттық жүйе қызмет алушыларға үйден шықпай қызмет алуына жағдай жасаумен қатар, өтініш беруші тұлғаларға өзінің өтінішінің ағымдағы қаралу статусына онлайн режимде бақылау арқылы, қызмет көрсету процессінің ашықтығына қол жеткізе алады. Бұл жоба кәсіпкерлік субъектілерін қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалар үшін қызмет алудың ыңғайлы және жылдам тәсілін ұсына отырып, «тұрмыстық сыбайлас жемқорлық» тәуекелдерін және әкімшілік кедергілерді жою арқылы бизнесті жүргізу мен дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда, Кентау қаласында пилоттық режимінде іске асырылған жобаны Түркістан облысы аумағында тарату жұмыстары жоспарланған. Түркістан облысы бойынша Түркістан, Арыс, Сауран, Созақ, Отырар, Төлеби аудандарында зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 215 қызмет порталға ендіру және жоғарыда аталған екі жобаны біріктіру жұмыстары іске асырылуда. Жобаны толық ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер