Саяхаттаған еліңнен алған әсерің ұмытылмастай болуы үшін кәдесыйлардың алар орны-бөлек. Қазақстанғы туризм саласы жолға қойылған қалалардың бірі, Түркістандағы туристердің талғамын таразылап көрген болатынбыз. Шетелдік туристерге қандай кәдесый ұнайды?
Ирактық турист Динчер Динч қазақ халқының қонақжайлығына ризашылығын жеткізді.
"Мен Түркістан қаласына білім алу үшін келдім. Бұл қаланы таңдауыма тарихи орындардың әсері басым болды. Таулы аймақ, өзен-көл, жалпы айтқанда әсем табиғат маған комфорт сыйламайды. Мені Қожа Ахмет Ясауи тарихи нысаны көп қызықтырды. Тіл үйрену қиынға соқпады. Қала тұрғындары қонақжай болғандықтан климатқа тез бейімделдім. Қазақстаннан отанымдағы достарыма қолөнер бұйымдарын апарамын. Оларға қазақ мәдениеті қызық. Өлкелеріңіз туралы ақпаратты естіген таныстарым Қазақстанға келуге қатты құмартады. Алғашында, «Ол мемлекет қай материкте орналасқан», деп те сұрайтын.
Байыпты қалыпта «Азияның жүрегінде орналасқан тарихы терең мемлекет» деп түсіндіремін. Балбал мүсінше, құрақ жастық сыйлаған достарым қатты таңданды. Құрақтың тігіннен қалған қалдық материалдан дайындалғанын естіп, қазақтардың ысырапшылдыққа жол бермейтіндігіне құрметпен қарады. Кейіннен сол досым ою-өрнектерді зерттеп кетті. Әр оюдың өзіндік мағынаға ие екенін білгенде, «қазақтар-ұлы халық» екен деп қорытынды шығарды. Кәдесый неғұрлым ұлттың қандай екендігін ұқтыратын болса, соғұрлым сұраныс артады", - дейді турист.
Айта кетейік, ою-өрнек – ежелгі халық өнерінің бір түрі. Бұл өнердің пайда болу бастаулары ежелден бері келе жатыр.
Ою-өрнек – ежелгі халық өнерінің бір түрі. Бұл өнердің пайда болу бастаулары ежелден бері келе жатыр. Ою-өрнектердің сюжеттік мазмұны және атауы халықтың әрбір жаңа дәуіріндегі өмірлік бағдарлардың ерекшеліктеріне сәйкес ауысып отырды және жетілдірілді. Бүгінгі күні ою-өрнектерді жасау өнері сапалы жаңа бай мазмұнға және жаңашылдыққа ие бола отырып, қазақ халқының рухани және материалдық қазынасына айналды.
Шығармашылық қызметтің өзге түрлері секілді, ою-өрнекті жасау өнері игерілген білімді жетілдіруге көмек көрсете отырып, интеллектуалдық деңгейді арттыруға ықпал етеді. Бір ерекшелігі, әрбір дәуірдің даму деңгейіне сәйкес шеберлердің – ою-өрнекті жасаушылардың үлгілік ерекшеліктері де ауысып отырған. Егер ою-өрнек түрінде айтатын болсақ, онда олар ашылмаған көптеген құпияларды өзінде сақтауда. Басқаша айтқанда, ғылыми көзқарас тұрғысынан алып қарағанда көптеген ою-өрнектердің тотемдік және сиқырлы символдар мен мазмұндық мағынасы дәлелденген жоқ. Қазіргі таңда символдық мағынасын жоғалта отырып, тұрмыста тек қана эстетикалық көзқарас тұрғысынан қабылданады. Қазақ даласында ою-өрнектер әртүрлі бағыттарда жетілдірілді. Қазақстанның әртүрлі өңірлері ерекшеліктерімен, оларға тән ою-өрнектермен, олардың өзіндік стильдерімен ерекшеленді. Соған қарамастан, барлық ою-өрнектердің негізгі элементі, құқықтық негізі мүйізге ұқсас, доға тәрізді желілерде басым болған «Мүйіз» ою-өрнегі есептеледі.
Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру, аңшылықты жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін тұспалдайды, бірақ қолөнер саласындағы қай бұйымды алсақ та, сол заттың бетінде түрлі нұсқада бейнеленген «мүйіз» элементін байқаймыз. Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста қолданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, әртүрлі мәнер жасауда жиі қолданылатыны «мүйіз» тектес ою-өрнектер.
Мүйіз тектес ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау, қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады.