Әмір Темір заманынан келе жатқан Түркістан мистикасы туристерді қызықтырды

Screenshot_3.jpg

Мысыр десе, көз алдыңызға Пирамидалардан бөлек, мумиялар елестейді. Себебі, әлемдегі ең үлкен Хеопс пирамидасын Мысыр билеушілерінің бірі – Хуфу (Хеопс) перғауын үшін арнайы салыпты. Талай режиссерлар Хеопс пирамидасын негізге ала отырып, деректі һәм көркем фильмдер түсірді. Бойына талай сырды бұққан пирамида тылсымдығымен, жұмбақтығымен әлем туристерін жинап отыр. Олар ауа-райы өте ыстық, климаты қолайсыз шөлді өлкеге Пирамиданы өз көзімен көріп, аурасын сезіну үшін ғана келеді десек қателеспейміз. Мінекей, бұл өте жоғары деңгейде насихаттан туған нәтиже. Жақында ұйымдастырылған «Тамыры терең Түркістан» ақпараттық туры да осындай мақсатты көздейді. Неғұрлым өз жауһарларымызды сапалы түрде насихаттай берсек, оның болашақтағы қайтарымы соғұрлым көп болмақ. Бұл тур өздерінің сапарларында Түркістан қаласына арнай ат басын бұрып, мұнда көптеген жауһарлармен танысты. 

Соның бірегейі  - Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жөнінде Хеопс пирамидасындай әлі күнге дейін ашылмаған құпиялары бар. Мысалы, бұл кесенені Әмір Темір хан салғаны белгілі.Кесенені салуға Әмір Темір ханның жарлығымен өлкенің түкпір-түкпірінен атақты шебер құрылысшылар келген. Кесененің құрылысының құпиясын ешкім білмесін деп және ешкім қайталамасын деген оймен Ақсақ Темір құрылыста қатысқан барлық құрылысшыларды өлтіруге бұйрық беріпті. Өкінішке қарай, Ақсақ Темір ханның қайтыс болуымен бұл тамаша кесененің құрылысы тоқтатылды. Дегенмен, кесене құрылысының негізгі бөлігі аяқталып, туристерді Түркістанға тартуде зор ебңек сіңіріп отыр. 

Туристердің мұнда қызығушылығы оянуына кесене құрылысындағы кей құпиялар да өз септігін тигізуде. Мысалы, кесененің іргетасы мүлдем жоқ. Оның орнын қалыңдығы бір жарым метр болатын, көп қабатты балшықты негіз қойған. Соған қарамастан кесене қаншама соғыстар мен жер сілкіністерін өткерсе де, әлі күнге құламай тұр. Кесененің тағы бір құпиясы – оның сыртын қаптайтын тақталарды сырлаған көне жылтырақтар мен бояуларды қалай өндіргендері. Арнайы мамандар жаңа технологиялар арқылы кесене қаптамасын заманауи тақталармен жаңартқан кезде бір жыл өте салысымен қаптаманы шешуге мәжбүр болады. Себебі, күмбез жауын-шашын салдарынан ісіне бастаған. Ал ежелгі құрылысшылар орнатқан күмбез су өткізбей ғана қоймай, сонымен қатар табиғи жолмен ауа алмастырып тұрған. Егер Әмір Темір құрылысшыларды өлтірмегенде құрылысқа қатысты қаншама құпиялар бүгінгі күнге жетер ме еді...

Айта кетейік, Әмір Темірдің кесене салу туралы ел ішінде аңыз көп. Соның бірін айта кетсек. Күндердің күнінде Әмір Темір ел билеуші болып, жорыққа шыға бастаған кезінде Қожа Ахмет Ясауи түсінде аян беріпті. «Сен менің басыма ғимарат тұрғыз, менің әруағым сені демеп жүреді», — депті. Сонда Әмір Темір: «Мен сені қайдан табамын?» — дегенде, — «Жолды мен өзім көрсетіп отырамын», — деген екен. Сонымен тәуекелге бел байлап, Әмір Темір Қожа Ахметті іздеп шығыпты. Ұзақ жүріп, Түркістан шаһарына келгенде, түсінде аян беріп, жатқан жерін айтады. Таңертең ертерек барып қараса, шынында да кішкене ғана мазарат тұр екен. Құран оқып, ертесіне іс бастапты. Кешке дейін біраз дуал қалап қойған екен, таңертең барса, бұзылып жатқанын көреді. Басына қарауыл қояды. Таң алдында ұйықтап кетіп, кімнің бұзғанын білмей қала береді. Болмаған соң үшінші күні өзі барады. Таң алдында ұйқы қысады, ұйқыға бой алдыра берген соң қолын қанжармен тіліп жіберіп, ұйықтамау үшін тұз сеуіп қояды. Сонымен бір кезде қараса, үлкен өгіз келіп, дуалды майқандап жатыр екен. Не істерін білмеген Әмір Темір ойланып қалады. Түсінде Қожа Ахмет тағы да аян беріп, былай депті: «Ол көк өгіз Арыстан баптың аруағы, саған қапаланып бұзып тастап жатыр. Ол — менің ұстазым, сен оның аруағын аттап өттің, сол үшін алдымен оның басына ғимарат тұрғыз. Содан соң маған қайта келерсің», — депті. «Мен оны қалай табамын?» — дегенде, — «Мен өзім жол сілтеп отырамын», — деп жауап береді.

Сонымен ерте тұрып, отырарға бет алады. Кешке сонда жетіп, ұйықтап жатқанда, түсінде аян беріп, жатқан жерін көрсетеді. Таң ата, ерте басына барып, Құран оқып, құрылысты салуға кіріседі. Басталған құрылыс ойдағыдай аяқталған соң, демалып жатқанда және түсінде аян беріп: «Міне, енді сәтті болды, енді келіп менің басыма ғимаратыңды салдыра бер! — дейді. Сонымен Түркістанға қайта келіп, Қожа Ахмет мешітін салуды бастаған екен. Бірақ құрылыс жұмыстары жақсы жүріп жатқанда, Самарқанда басқа бір қауырт жұмыс шығып, құрылыс салып жатқан ұста сол жаққа кетіп, көптеген себептермен қайта оралмаған-ды. Содан ғимарат құрылысы толық бітпей қалады. Сол кезден бастап Әмір Темір жорыққа шығар кезінде үнемі Түркістанға келіп, Ахмет Ясауидің басына зиярат етіп, ас беріп, тайқазаннан дәм тату әдетке айналған екен. Сондай бір сапармен келгенде, қатты сырқаттанып, осы жерде қайтыс болған деседі. Оның айтқан өз өсиеті бойынша, ол Самарқанға қайтуы керек еді. Бірақ халық арасында шу шықпасын деп, білдірмей, «Әмір науқас» деп, жол жүріп кетеді. Сол жолда отырардан бері жайласқан Темір стансасына келгенде, бір демалыс жасаған көрінеді. Соның құрметіне «Темір» аталып кетіпті. Содан Темірлан деген жерге барғанда, халық Әмір Темірдің қайтыс болғанын біліп қойып, сыр ашылған көрінеді. Міне «Темірлан» аталуы содан шыққан екен деп ел аңыз етіседі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер