Ибатадан тұрғындарға жер берілуі мүмкін

image.png

Кез келген мемлекетте тұрғын үй мәселесі негізгі мәселелердің бірі болып саналады, себебі, азаматтарының әлеуметтік игілігі олардың тұрғын үймен қамтылуына тікелей байланысты.  Ал қазақ үшін баспана – «өз үйім, өлең төсегім» ғана емес, қонақ қабылдар құтханасы, әулет айбары – қара шаңырағы, ал қазіргі заманда – әлеуметтік дәрежесін көрсетер индикаторы, тіпті капиталды көбейтер инвестициясы. Жалпы кез-келген елде халық санының өсуі, сәбидің дүниеге келуі әлеуметтік-экономикалық салаларға елеулі әсер етеді. Сонымен бірге  халық санының өсуі ең өзекті мәселелердің мектептер, балабақшалар, тұрғын үйлердің жетіспеушілігін тудыратыны анық. 

Түркістан облысының батыс аумағында орналасқан Сауран ауданында да жыл санап халық саны өсіп келеді. Бұл дегеніңіз баспанаға деген сұранысты тудыратыны анық. Аудан әкімдігі тұрғын үй мәселесін шешудің түрлі жолдарын қарастыруда. Соның бірі азаматтарға баспана салуға жер телімін беру. 

Мұнда жергілікті тұрғындарға 18 жылдан бері жеке үй салып алуға жер бөлінбеген екен. Қазіргі кезде бір үйде үш-төрт отбасы тұрғандықтан түрлі қиындықтарға жолығуда. Осыған байланысты аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев бұл әлеуметтік ең өзекті мәселені алдымен шешуге барынша мүмкіндік қарастырылу қажеттігін айтып өтті. Жаңадан берілетін жерлерге дейін ауыл ішіндегі бос жерлерді де тұрғындарға бере бастаса, онда инфрақұрылымын жүргізу әлдеқайда тиімді болары сөзсіз.

Сала мамандарының мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде Ескі-Иқан елді мекенінде жеке үй салып алу үшін жер кезегінде 1500-ден астам адам тұр. 2014 жылы 500 гектар жер кезегінде тұрған адамдарға жер телімдерін беру үшін Бас жоспарға енгізілген болатын. Сол Бас жоспарды қайта қарап, мүмкіндік болса, сол жер телімдерін кезекте тұрған адамдарға үйлестірілсе екен деген тұрғындардың сұранысы жоғары. «Бұл мәселе шешімін таппаса, Жаңа Иқан ауылдық округі Ибата елді мекеніне қарай жер телімі бөлініп, тұрғындарға берілсе» деген ұсыныс та айтылып келеді.

Осыған орай, аудан әкімшілігі шешімін жеткізді. Ол бойынша Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн жер телімдерін беруге су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда ғана жол беріледі. Алдағы уақытта Ескі Иқан ауылдық округі бойынша 1410 жер кезегінде тұрған азаматтарға қаржы бөлініп, инфрақұрылым жүргізілген жағдайда, заң талаптарын сақтай отырып, жер телімдері берілетін болады.

Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында жер кезегінде тұрғандарға «Диханабад» ауылынан жер берілсе деген ұсыныстар да түсті. Белгілі кәсіпкер егерде сол ауылдан тұрғындарға жер телімдері берілсе, мектеп салып беруге де дайын екенін де айтып өтті.

Ескі Иқан ауылдық округі Диханабад ауылына елді мекен дәрежесін беру Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына сәйкес әзірлеу және ауылдық елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобалары (жоспарлары) бекітілген уақытта және аталған кодексінің 44-бабына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн жер телімдерін беруге су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол берілетін болады. Сонымен қатар, орталықтандырылған сумен жабдықталмаған елді мекендерде мұндай жер телімдерін беруге тек электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана жол берілетіндігі де белгілі болды. Қазіргі кезде Диханабадқа елді мекен мәртебесін беруге ауыл округі ұсыныстар беріп, жергілікті қауымдастық кеңестің отырысын өткізіп, аталған бағытта заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер