«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы жемісін беруде

 image.png

«Сауран ауданының дамуы, проблемалық мәселелер, алға қойылған мақсаттарын талқылау мақсатында мәжіліс өтті. Мәжіліске облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлфұхар Жолдасов төрағалық етті. Сонымен қатар, бірқатар басқарма басшылары қатысты. 

Мәжілісте алдымен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев ауданның экономикалық дамуы мен өзекті мәселелері туралы баяндама жасады. Өзекті мәселелермен қоса шешілу жолдары да тізбеленді. Баяндамадан кейін басқарма басшылары тарапынан сұрақтар қойылды. Тиісінше жауаптар берілді. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Зұлфұхар Сансызбайұлы тарапынан қысқа мерзімде мәселелердің шешілуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Ендігі жерде Сауран ауданы құрылғалы бері атқарылып жатқан жұмыстар мен даму перспективалары төңірегінде сөз қозғап көрсек. Сауран ауданы 12 ауылдық округтен тұрады. 12 ауылдық округте жалпы саны – 35 елді мекен бар. Ал, аудан орталығы – Шорнақ елді мекені. Сауран ауданының жалпы аумағы 721745 гектар, халық саны – 106,802 адамды құрайды.

Сауран ауданы, Шорнақ ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы және топографикалық түсірілімімен бірлескен бас жоспары өткен жылы қыркүйек айында аудандық мәслихат сессиясында бекітілген болатын. Аудан орталығы Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекенінен 38 гектар жер бөлініп, әкімдік, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, аумақтық органдар, ішкі істері басқармасы ғимараттарының құрылысы және инженерлік инфрақұрылым құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын атқарып, пайдалануға беру биыл, яғни, 2023 жылға жоспарланған.

Әкімшілік ғимараты бүгінде пайдалануға берілген. Сонымен қатар, «Шорнақ елді мекенінде төрт автомашинаға арналған өрт сөндіру депосы» құрылысы, «200 орындық аудандық орталық аурухана» салынуда. Осы екі құрылыс нысаны бойынша Түркістан облысы құрылыс басқармасы тарапынан жоба сметалық құжаттамасы дайындалған. Ал, төмендегі нысандарға тапсырыс беруші аудандық құрылыс және сәулет бөлімі болып табылады. «500 орындық мәдениет үйі» құрылысы бойынша Сауран ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан жоба сметалық құжаттамасы дайын.

Сауран ауданы әкімдігі жергілікті халықты ауыз сумен және егістікті табиғи су жүйелерімен қамту жұмысына жан-жақты талдау жүргізіп, кешенді бағдарламаларды жүзеге асыруда. Қазіргі таңда Бабайқорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі Ақтөбе су қоймасынан егіске баратын Тасарық құрылысының жоба сметалық құжаттамасын әзірлеуге байқау өткізіліп, жобалаушы мекеме анықталды. Сонымен қатар Бабайқорған ауылдық округі, Үлгілі елді мекеніндегі «Сасық бұлақ» су қоймасы құрылысының жоба сметалық құжаттамасын әзірлеуге байқау өткізіліп, жобалаушы мекеме анықталған.

Бүгінгі таңда 31 елді мекеннің ауыз су тарату орталықтарындағы тозығы жеткен құрылғыларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыру көздеріне қарай кезең–кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Қазіргі таңда, төрт ауылдық округтегі он бір елді мекенге табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізілген. Атап айтқанда, Үшқайық ауылдық округіне қарасты төрт елді мекенге өткен жылдың сәуір айынан бастап газ берілуде.

Сонымен қатар, Қарашық, Жүйнек ауылдық округтерін және Оранғай, Шорнақ, Қосмезгіл елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлдіруге облыстық салалық басқармаға ұсынылды. Аудан орталығы Шорнақ елді мекеніне магистральды газ құбырларын жүргізу жұмыстары бойынша Кентау қаласының әкімдігі тарапынан жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Сауран ауданы әкімдігі тарапынан екі ауылдық округке табиғи газбен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы қаралып, жобалаушы мекеме анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Олар Оранғай ауылдық округіндегі Бостандық және Қосқарған елді мекендері, Иассы ауылдық округіндегі Еңбекші Дихан елді мекенін табиғи газ құбырымен қамтамасыз ету құрылысының жобалары.

Бүгінде Сауран ауданында мал басы өскен сайын жайылымдық жерлерді заңды иесіне қайтару мәселесі бас ауыртатын аса өзекті мәселенің біріне айналды. Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан Сауран ауданы бойынша 48,5 мың гектар жерді елді мекенге ортақ жайылымға қайтару жоспарланып, 51,25 мың гектар жер телімін мемлекет мұқтаждығына алынып, аталған ауылдық округтерге ортақ жайылым үшін қаулы қабылданып, сәйкестендіру актісі рәсімделуде.

Сонымен қатар, 78,4 мың гектар жерді меморандум арқылы беру жоспарланып, жалпы 31,8 мың гектар жер теліміне келісім-шарт түзумен меморандум арқылы ортақ жайылымға келісілді. Сонымен қоса кәсіпкерлік жер учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу Gosreestr.kz электронды сауда айналымы жүйесі арқылы талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 7 жер аукцион арқылы беріліп, жалпы соммасы 12 158 935 теңге бюджет есебіне түскен. Сауран ауданына қарасты ауылдық округтер бойынша 27,3 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, Сауран ауданы әкімдігінің арнайы жер қорына алу туралы қаулысы қабылданып, мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сауран ауданы бойынша алдағы уақытта бос алаңшаларды дайындап, инженерлік инфрақұрылымдық жүйелерін жүргізуге жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу үшін бюджеттен 380 миллион теңге қаражат бөлінген жағдайда инженерлік инфрақұрылымдық жүйелері жүргізілгеннен соң тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелері Сауран ауданы бойынша кезекте тұрған 23824 азаматтарға заң аясында табысталатын болады.

Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 3 адам 15 миллион теңге АИО «Оңтүстік» микро қаржы ұйымынан 8 адам 660,3 миллион теңге және «ЫРЫС» микроқаржы ұйымынан 60 адам 250 миллион  теңге несие алған.

Түркістанның облыс мәртебесін алуы мен Сауран ауданының қайта ашылуы, өңірдің іскер қауымының жаңа жобаларды игеруіне жол ашты. Түркістан мен Сауранда мемлекеттік ғимараттар мен тұрғын үйлердің құрылысының жоғары қарқынмен дамуы кәсіпкерлердің жиһаз жасауға құлшынысын арттырды.

«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округінде орналасқан «DIVALUX» ЖШС кәсіпорны 370 млн.теңге несие алды. 100 жаңа жұмыс орнын ашты. Өткен жылы Иассы ауылдық округінде орналасқан «Sem Brend» жиһаз цехы, жоба құны 300 миллион теңге несие алып, 100 жаңа жұмыс орнын қамтитын жоба іске қосылды. Бұлардың негізгі атқаратын жұмысы темірден жиһаз жасау кәсіпорны қазіргі таңда 45 гектар аумақты алып отыр.

Былтыр «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша шағын несие алып, 2022 жылдың мамыр айында іске қосылған «Авиценна-А» емханасы ашылды. Жоба құны 1800,0 миллион теңге құрады. Қазір мұнда 150 жаңа жұмыс орны ашылды. Одан бөлек, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан жоба құны 789,0 миллион теңгені құрайтын «GOLDEN Cotton» ЖШС мақта талшықтарын қайта өңдейтін зауыты іске қосылды. Қазір мұнда 34 жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, Жаңа Иқан ауылдық округінде жоба құны 600 миллион теңгені құрайтын 300 орындық жаңа мектеп «ДАРЫН КZ» ЖШС және жоба құны 1 млрд теңгені құрайтын 280 орындық жаңа мектеп «Жаңа Иқан» ЖШС-нің өз қаражаты есебінен пайдалануға берілді.

Иассы ауылдық округінен «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС кәсіпорны ерекше тартымды жоба болып отыр. Жоба құны 8,0 млиллиард теңге тұратын күн сәулесінен қуат алатын құрылғылар орнатылады. Мұнда 20 жаңа жұмыс орны ашылады. Қала іргесіндегі Шаға ауылдық округінен жеміс-жидек өнімдерін консервілейтін цех құрылысы басталады. Бұл жобаның құны 400,0 миллион теңге құрап отыр. Цех іске қосылған кезде 15 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

 «2021-2025 жылдарға арналған кәсіп-керлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында, 2022 жылы 7086 адам әлеуметтік шаралармен қамтылып, көрсеткіш 169,3 пайыз орындалды. Әлеуметтік шаралармен қам-тылған жастар 1924 адам, аз қамтамасыз етілгендерден 396 адам, әйелдер саны – 2694 адам, мүмкіншілігі шектеулі азаматтардан 234 адам қатыстырылды.

Сауран ауданының екінші тынысы ашылғалы бері мыңдаған жаңа кәсіпорындар ашылып, бейнеткеш қауымының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жылдам көтеріліп келеді. Бұл өз кезегінде істің көзін тапқан тұрғындарды биліктің де дер кезінде қолдауының нәтижесі деуге болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер