Сауран - даму әлеуеті зор аудан

image.png

Түркістан облысындағы ең жас аудан Сауранның даму әлеуеті зор. Облыс орталығына тиіп тұрған аймақта көптеген кәсіпорын, зауыттар жұмысын бастап өңірдің экономикасының дамуына өз үлесін қосуда. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының да әл-ауқаты жақсарып келеді. Тұрғындардың сапалы өсір сүруі үшін мұнда әсіресе инфрақұрылымға мән беріліп, қажетті әлеуметтік нысандармен қамтамасыз етілуде. Сауран ауданы бойынша 36 елді мекеннің 32-сі ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Халықтың 88,9 пайызы таза су пайдаланады. Биыл Аша елді мекенінде ауыз су жүйесі құрылысының 2-ші кезеңі аяқталып, 522 үй ауыз су жүйесіне қосылды. Жоба құны – 628,203 миллион теңге. Тереңдігі 720 метр 2 дана су ұңғымасы қазылған. 2 дана сыйымдылығы 200 м3 су қоймасы салынды. Сондай-ақ магистральді таратушы  құбырдан –  22,27 шақырым, абоненттік құбырдан – 13,753 шақырым жүргізілді. Бас мердігер мекеме – «Саулет-Бетон» ЖШС. Ал авторлық қадағалаушы мекеме – «ПСИ Каз Нур» ЖШС. Техникалық қадағалаушы мекеме – «SK Best Spes Story KZ» ЖШС.

Тағы бірнеше елді мекенде ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Су жүйесімен қамтуға құрылыс жұмыстарын жүргізу экономикалық жағынан тиімсіз деп танылған 3 елді мекенге кешенді блок модуль орнату жоспарланған. Жер асты су қорына геологиялық іздеу-барлау жұмыстары 8 елді мекенде жүргізіледі. 

Сонымен қатар 150 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. 1 100 орынға арналған мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасына 5 мектеп салынады. Бірнеше балабақша салынып жатыр. Жеке инвестор есебінен күніне 500 адамды қабылдайтын жаңа емхана ашылды. Шорнақ елді мекенінен тәулігіне 500 адам қабылдайтын емхана ғимаратының құрылысына 9 гектар жер бөлініп, құжаттары әзірленуде. 

Сауран ауданы тарихи ескерткіштерге бай өлке, ауданда 54 тарихи-мәдени нысандар бар. Имам Мархозы, Меңдуана кесенесі, Ерқоян батыр кесенесі, Құрышхан ата, Шаш ана кесенелеріне туристер қызығушылық танытып, көптеп келеді. Аудан аумағындағы тарихи-мәдени нысандарды 100 мыңдай турист тамашалаған. Туристік инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары өз жалғасын табуда. Ауданда Ескі Сауран қалашығы, Үкаш ата кесенесі, Жүсіп ата тарихи-мәдени туристік нысандары орналасқан. Туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында, Ескі Сауран қалашығының аумағынан 320 миллион теңгеге «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Онда қонақүй, тамақтану орындары, көрме орталығы болады. Жүсіп ата кесенесінен «Сапар орталығы» мен музей пайдалануға берілді. Биыл 5 жаңа жоба жүзеге асырылады. 100-ге жуық жұмыс орны ашылып, 90 мыңнан астам турист келеді деп жоспарлануда.

Сауран ауданы құрылғалы бері мұндағы кез келген ауылдық округтер қыруар істер атқара бастады. Соның бірі – Үшқайық ауылдық округі. Мұны аталған ауылдық окпугтегі барлық сала бойынша бұрынғы атқарылған кем-кетігі көп тірліктердің бәрі бүгінде ретке келтіріліп, ауылдардың маңы абаттандырылып, жолдар салынып, елді-мекендердің көкжелекке бөленуінен аңғаруға болады. Сауран ауданы орталығынан 25 шақырымдағы орналасқан Үшқайық ауылдық округінде Теке, Нұртас, Жалаңтөс және С.Қожанов елді-мекендері кіреді. Қарамағына төрт ауыл кіретін ауылдық округте 6445 тұрғын берекелі күн кешуде.

– Округ құрамындағы ауылдардың ішінде Теке ауылында – 3513, Нұртаста – 1832, С.Қожанов ауылында – 814, Жалаңтөсте – 286 адам тұрады. Үшқайық ауылдық округі бойынша жұмысқа қабілетті белсенді жастар көп. Мұндағы ауылдық округі әкімі аппаратында 14 адам қызмет етеді. Оның жетеуі мемлекеттік қызметкер, екеуі әлеуметтік қызметкер, алтауы келісім-шарттағы қызметкерлер. 

Ауылдық округтің білім беру саласында 319, денсаулық саласында 34, балабақшалар және тағы басқа салаларда 780 адам жұмыс істейді. Халықтың негізгі табыс көөзі осы тектес мекемелер мен мал, егін шаруашылығы. Үшқайық ауылдық округінде тіркелген шаруа қожалықтардың саны 92-ге жеткен.  Бір қызығы, Түркістан облыс орталығы атануына байланысты өңірге көшіп келгісі келгендер саны күн сайын еселеп келеді. Олардың біразы қалаға жақын орналасқан елді-мекендерде тұрғысы келетіні анық. Соның бірі ауылдық округ орталығы – Теке ауылына жастар келуге ықыласты.

Үшқайық ауылдық округіндегі төрт елді мекенде 7600-ден астам ірі қара, 37023 ұсақ мал, 1955 жылқы, 444 бас ойсыл қара тұқымы бар. Құстың саны – 5895. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер