Елімізде ауыл-аймақтарды дамытуға барынша жағдай жасалуда. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Түркістан облысы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» 2021 жылдың 12 наурызындағы №534 жарлығымен құрылған Сауран ауданының жан-жақты дамуына мемлекеттен айтарлықтай көңіл бөлініп, жоспары жасалған. Сауран ауданының жалпы аумағы 721745 шақырым, халық саны 104,235 адам құрайды.ҚР Президентінің 2021 жылғы 12 наурыздағы Жарлығына және ҚР 2001 жылғы қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Сауран ауданы әкімдігінің жанынан жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 13 мемлекеттік мекеме құрылып, қазіргі таңда өз жұмыстарын атқаруда.
Жаңадан құрылған Сауран ауданы 12 ауылдық округтен тұрады. Атап айтатын болсақ, Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері. 12 ауылдық округте жалпы саны 35 елдімекен бар. Ал, аудан орталығы – Шорнақ елді мекені.
Сауран ауданының басты бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы саласы. Сауран ауданының ауылшаруашылығы саласындағы басты міндеттерінің бірі Түркістан мен Кентау қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда осы бағытта жұмыстар жоспарлы атқарылуда. Соның ішінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша үздік көрсеткіштер көрсетуде.
Сауран ауданында 10 гектар жерге жылыжай салу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда жоспар 11,14 гектарға, яғни 111,4 пайызға орындалған. 420 гектар алқапқа тамшылатып суғару әдісін енгізу жоспары құрылған. 488 гектарға жетіп, жоспар 116,2 пайызды құрады. 65 техника жаңаланып, тапсырма 83 пайызға жетіп отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында ауыл шаруашылығы жерлерін толық экономикалық айналымға түсіруге мүмкіндік беретін жаңа өзгерістер туралы, ауыл шаруашылығын технологиялық тұрғыдан қайта жабдықтауды қолдау тәсілдері жайлы және субсидиялау тәсілдерін қайта қарап, тұрақтандыру туралы тұшымды ойлар айтылған болатын.Осы ретте, 938гектар алқапқа жаңбырлатып суғару әдісін енгізу жоспарланса тапсырма 980 болып, 104 пайызға орындалды.
«Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарына» сәйкес, Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптасыру аясында 1458 шаруа қожалықты 9 кооперативке біріктіріп, техникамен қамтамасыз ету және 11 мың гектар алқапты жаңбырлатып суару технологиясын ендіру жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда, «Шаға» ауыл шаруашылығы кооператив негізінде 1565 гектар алқапқа жаңбырлатып суғару технологиясы ендірілді.Жалпы жоба аясында құны 28,7 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Сала мамандарының мәліметінше соңғы 2 жылда аудан экономикасына 38,3 миллиард теңгеден астам инвестиция бағытталып, 2 есеге өсіпті. (2021 жылы — 12,4 миллирд теңге, 2022 жылы — 25,9 миллиард теңге). Биылғы 7 айда инвестиция көлемі 15,7 миллиард теңгені құрап отыр (жылдық жоспар — 30,1 миллиард теңге).
Ағымдағы жылға 14,4 миллиард теңгеге 58 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған екен (508 жұмыс орны). Ал жыл басынан 5,3 миллиард теңгеге 37 жоба іске қосылып, 149 жұмыс орны ашылды. Жылдың соңына дейін 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылады деп күтілуде (359 жұмыс орны).
Елімізде шағын және орта бизнеске экономиканың драйвері ретінде мемлекеттік тұрғыдан басымдық беріліп келеді. Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6 901 жетіп, соңғы 2,5 жылда олардың саны 4 828-ге өсті (2021 жылы — 2073).
Осы салада 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 1,5 пайызға артты.
Сауран ауданы аты айтып тұрғандай, тарихқа тұнған аудан. Сондықтан да, ауданды туристік ауданға айналдыру басты назарда. Сауранды туристік ауданға, туризм орталығына айналдырудағы мақсат – туристік нысандарды көбейту, туризмнің даму деңгейін халықаралық деңгейге жеткізу, туристік саладан түскен табысты көбейту, жаңа жұмыс орындарын ашу. Сондықтан, бұл мәселе күн тәртібіндегі негізгі мәселенің біріне айналып отыр. Сол мақсаттарға жету үшін туризммен байланысты салаларын дамыту, инфрақұрылымды дамыту, сервистік қызмет саласын жақсарту, туризм саласындағы білімді жетілдіру міндеттері қойылып отыр.
Сауран ауданында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының қарамағына кіретін Сауран қалашығы, Жылаған ата үңгірі, Үкаша ата кесенесі сияқты 61 тарихи нысан бар.