Ескі Иқанға газ қосылды

image.png

Еліміздің ауылдық жерлерінде 8 миллион адам тұрады. Бұл – жалпы ел хал¬қының 40 пайызы. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде 6 293 ауыл бар. Расында, бұл – үлкен нарық¬тың көзі. Ауыл байыса, қаланың да қарыны тоқ болары даусыз. Осыны ойлаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сайлауалды бағдарламасында ауылды өркендету – өзі¬нің басты бағыты екенін жеткізген еді.

Еліміздегі ауылдардың әлеуметтік, экономикалық жағдайын дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Халық санының басым бағыты осы ауылдық жерлерде шоғырланғанын ескерсек, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру – маңызды міндет.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы Жарлыққа қол қойған болатын.  Мақсаты – ауыл-аймақты дамыту тәсілдерін жетілдіру және тиімділігін арттыру, сондай-ақ ауылдардағы өмір сүру сапасын жақсарту және жайлы өмір сүру ортасын құру. 

Strategy2050.kz сайтының мәліметінше, ауылдық жерлердi дамытудың кешендi тәсiлi 2025 жылға қарай ауыл тұрғындарының өмiр сүру сапасын және әл-ауқатын айтарлықтай арттыруға мүмкiндiк бередi. Айталық, ауыл халқын сумен қамту қызметi 100 процентке жететiн болады. Барлық ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етiледi. Жергiлiктi маңызға ие жолдардың 95 проценті жақсы жағдайға көтеріледі деп жоспарлануда. Жоспарға сәйкес 10 мың шақырым ауыл iшiндегi жол жөнделедi және қайта салынады.

Ауылдық жерлерде 24 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiледi. Сонымен қатар, 110 мың жер учаскелерi жеке тұрғын құрылысы үшiн қажеттi инфрақұрылыммен қамтылатын болады. Жалпы, 12 мың шақырым инженерлiк желiлер салынады және жаңғыртылады. Агроөнеркәсiп кешенiнде 845 инвестициялық жобаны iске асыру ауылдарда 500 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ.

   Соңғы жылдары Сауран ауданындағы елді мекендердің тірлігі түзеліп, ауыл іші көркейіп келеді. Соның ішінде халықтың сапалы өмір сүруіне тікелей әсер ететін коммуналдық мәселелер шешімін табуда. Соның бір айғағы Ескі Иқан ауылына газдың қосылғандығы. Енді тұрғындар табиғи отынды баспаналарына тартуы керек. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісіп, шаңырақтарына шаттық тіледі. 

Ескі Иқан елді мекенінде бүгінгі таңда 18999 халық тұрса, соның бүгінгі күні 2322 абонентке табиғи газ берілді. Бұған дейін көмір жағып, күл шығарудың мехнатын тартқан ауыл тұрғындарының бүгінгі көңілдері шат-шадыман екенін жүздерінен байқадық.

- «Ескі Иқан ауылдық округіне табиғи газ қосу жұмыстары ұзаққа созылғаны жасырын емес. Бүгін көптен күткен қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Ауыл тұрғындары енді бұрынғыдай көмір жағып, күл шығарудан босады. Біз ендігі кезекте қалған ауылдық округтерге көгілдір отын беру үшін тиісті барлық жұмыстарды атқаратын боламыз. Біз үшін тұрғындардың өмір қауіпсіздігі бірінші кезекте. Сондықтан да тұрғындарға көгілдір отынды газ беруші мекеменің арнайы рұқсатымен және мамандарының қатысуымен қосу қажет екенін ескертеміз», - деді аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы.

- «Ауылымызға көгілдір отын келгеніне ерекше қуаныштымыз. Осыған дейін отын жарып, көмір жағып күнелтіп келген ауыл халқы енді газдың игілігін көретін болады. Шаңырағымыздың жылуы артып, түтіннен тазарып қалғаны көңіліге жылулық сыйлайды. Басшыларға үлкен алғысымды білдіремін,- деді ауыл тұрғыны Беглархан Тажиметов.

2019 жылы құрылысы аяқталған нысан бес жылдан бері тоқтап тұрған. Ол кезде облыстық бюджеттен 1,1 миллиард теңге қаражат жұмсалған. Ішкі газ құбыры ғана салынып, негізгі жеткізуші газ құбыры 2021 қолданысқа берілген. Газ құбырының ұзындығы 112 шақырымнан асады. 

Аталған «сақалды құрылысты» өз бақылауына алған өңір басшысы жауаптылар мен мердігерге тиісті тапсырмалар беріп, күрделі мәселе шешімін тауып отыр. Ауылда 20 мыңға жуық тұрғын, 2300-ден астам абонент бар. «Көгілдір отынға» қол жеткізген Ескі Иқан тұрғындары ел азаматтарына ризашылықтарын білдірді. 

Айта кетейік, облыс аумағында біраз жылдан бері шешімін таппай келе жатқан бірқатар мәселелер бар еді. Әсіресе, газ нысандарының құрылысы өзекті болды. Атап айтқанда, 2018-2021 жылдары құрылысы аяқталғанымен, 33 елді мекен түрлі себептермен табиғи газға қосылмай қалған болатын. Бүгінгі күні 16 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілсе, қалғанын жыл соңына дейін газға қосу жоспарланған. Сол жобалардың бірі Ескі Иқанда жүзеге асып отыр.

    Биылғы жылы көгілдір отынның қызығын көріп отырған Ескі иқандықтар ғана емес жаздың соңында Ибата ауылының тұрғындарына да газ жеткізіліп, мәз-мейрам болып еді. Жоба Мемлекет басшысының еліміздің барлық аймағын газдандыру жөніндегі тапсырмасына орай жүзеге асқан болатын. Ибата ауылында 8 мыңнан аса халық тұрады. Нысан құрылысы мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында жүргізілген. Мамандар газ экологиялық таза отын болғандықтан ауыл халқының әл-ауқатын көтеруге серпін беретінін айтады. 

Бүгінде Түркістан облысының газдандырылу деңгейі 74 пайызды құрайды. Қуаты сағатына 33,3 мың м3 құрайтын «Ескі Иқан» АГТС Ибата елді- мекенінің қосылу нүктесі болды. Елді-мекеннің газ құбырларының ұзындығы – 99,3 мың м.

Жыл соңына дейін Сауран ауданының Ойық, Бершінтөбе және Шоқтас елді-мекендерін газға қосу жоспарлануда. 

Жалпы Түркістан облысының Сауран ауданында 36 елді-мекен бар, оның ішінде 8 елді-мекен тауарлық газбен қамтамасыз етілген. Сонымен, ауданның газдандырылу деңгейі 22 пайызды  құрайды.

Негізінен облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан өңірінде газдандыру жұмысы жүйелі жүріп жатыр. Соңғы бір жылда 21 елді мекендегі 53 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылды. Биыл өңірде 103 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оған бюджеттен 16,5 миллиард теңге бөлінген.  Оның ішінде 68 нысанның құрылысы жылдың соңына дейін аяқталып, 122 мың тұрғын газбен қамтылады. Нәтижесінде газбен қамтылған елді мекендердің саны 522-ге жетіп, қамту деңгейі 63 пайызды құрайды. Яғни, 1 659,3 мың тұрғын қамтылып, тұрғындарды қамту көрсеткіші 78,3 пайызға жетпек. Ал қалған 35 нысанның құрылысы келер жылы аяқталады. Алдағы 3 жылда қосымша 200 елді мекенді табиғи газға қосып, қамту деңгейі 86,7 пайызға жеткізіледі деп күтілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер