Түркістан полицейлері алаяқтыққа күдікті ретінде мұғалім болып жұмыс істеген әйелді ұстады

Түркістан қаласында жұмысқа орналастырамын деген желеумен алаяқтыққа күдікті әйел ұсталды. Нақтырақ айтсақ,  Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын әйел алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Оның айтуынша, сырттай танысы ауруханаға медбике ретінде жұмысқа кіргізіп беретінін айтып, сендірген. Және ол үшін жас әйелден  2021 жылдың маусым айының басында  550 000 теңге қаражат алған. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт СДТТБТ-ға енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

image.png

Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды анықтап, басқармаға жеткізді. Тексеру кезінде оның мұғалім болып жұмыс атқарғаны белгілі болды. Яғни, күдікті егде жастағы әйел жәбірленушіге  ақпарат беріп, ақшаны өзіне алып, қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Ұсталған әйелдің бас шарасы «міндеттемеде».

image.png

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға сақ болуды ескертеді. Жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді. Егер, сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.

image.png

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер