Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар негізінде ауласында есірткі егіп, қолданған күдіктіні ұстады. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 300-бабы « Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Тәртіп сақшылары анықталған адамның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде, үйінің ауласында егіліп, өсірілген есірткіге ұқсас өсімдікті тапты. Айғақты зат ретінде бапталып, өсірілген 5 түп есірткі заты тәркіленіп алынды. Аталған өсімдік сараптамаға жіберіліп, қорытындысы бойынша «марихуана» өсімдігі екені анықталды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.
Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз өсіру мен таралуына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
ТО ПД баспасөз қызметі