Түркістан облысының полицейлері жол көлік оқиғасын жасаған жүргізушіні ұстады

Кентау ҚПБ-ның кезекші бөліміне ауруханадан ауыр жарақат алған ер адамды жансақтау бөліміне жеткізгені туралы хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшылары жәбірленушіні белгісіз көлік қағып, жүргізушінің оқиға орнынан қашып кеткенін анықтады. Кентау қаласының тұрғыны алған жарақаттарынан есін жимастан қайтыс болған. Жасырынған жүргізушіні іздеуге аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы мен тәжірибелі полиция тобы бағытталды.image.png

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары жасырынған жүргізушінің жеке басын анықтап, ұстады. Ол Кентау қаласының тұрғыны болып шықты, оны қалалық полиция бөліміне жеткізді.

ЖКО жайты бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 345-бабы «жол жүрісі немесе көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347-бабы «жол-көлік оқиғасы болған жерден кету» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауда. Анықтаушылар жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайын анықтауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушілер дереу тоқтауға, апаттық дабылды қосуға және апаттық тоқтау белгісін қоюға міндетті екенін еске салады. Егер ЖКО-да адамдар қаза тапса немесе жарақат алса, алғашқы көмек көрсету үшін шаралар қабылдау, яғни медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлерін шақыру қажеттігін айтады.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер