Түркістан облысының учаскелік полицейлері қоғам тыныштығын күзетуде

Түркістан облысының полиция қызметкерлері қоғам тыныштығы үшін күндіз-түні тынбай еңбек етуде. Соның ішінде Созақ АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары өздеріне белгіленген аймақтарды жіті бақылап, тыныштықты күзетуде. Толығырақ тоқтала кетсек 10 жылға тарта уақыттан бері Созақ АПБ-ның УПИ полиция капитаны Асылхан Батырханұлы қызметін абыроймен атқаруда. Ол тәулік талғамай тұрғындардың тыныштығын күзетеді. Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Нәтижесі де жоқ емес. Мысалы осы уақытқа дейін 13 бірдей жайтты анықтап, сотқа жолдаған. Солардың бірі әкімшілік аумағындағы профилактикалық бақылауда тұрған азаматқа қатысты.  Ол ҚР ӘҚБтК-нің 4 бабында көзделген құқықбұзушылықты бұзған. 

image.png

Яғни 480-бабы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасын бұзу»  бойынша ескерту алған, содан соң көп ұзамай 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша үш рет әкімшілік әкімшілік қамауға алынған. 

Сонымен қатар белгілі болғандай күдікті азамат  2009 жылы сотталған. Содан соң 2018 жылы мерзімінен бұрын шартты түрде босап шыққан. Алайда оны учаскелік полиция инспекторы 3 жыл бойы бақылап, тұрғындардың тыныштығын бұзбауын қадағалаған. Дегенмен осыған қарамастан бірнеше рет құқықбұзушылықты жасап, әкімшілік қамауғада алынған. Ал полиция капитаны Асылхан Батырханұлы 

баптар бойынша кінәлі деп танып, қалған мерзімін түзеу мекемесінде оған қатысты іс-құжаттардың барлығын жинап, Созақ аудандық сотына жолдаған. 

Сот күдікті азаматты аталған өтеуге үкім шығарды. 

Бүгінде учаскелік полицей Асылхан таңмен таласа тұрып, түн қараңғылығына дейін жүріп, қылмыстың алдын алу, отбасылық кикілжіңдерді реттеу секілді мәселелерді шешуді ешқашан кейінге қалдырған емес. Соның нәтижесінде оған бекітілген аумақтағы тұрғындар оның есімін жаттап алған. Тәртіп сақшысы қоғам тыныштығы үшін алдағы уақытта да мұндай қызметтерді үздіксіз жалғастыратынын айтып өтті.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер