Түркістан облысының полицейлері аккумулятор ұрлаған автоұрыны ұстады

Бүгінде ұрылардың көзі көбіне ұялы телефон, алтын бұйымдар, басқа да бағалы заттар, одан бөлек ақша болатын темір-терсектерге түсуде. Олар тіпті жүріп тұрған көліктердің аккумуляторын қолды қылуға бар. Бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу, болдырмау мақсатында Түлкібас АПБ-нің  қызметкерлері қарқынды жұмыс атқаруда. Осындай кезекті жұмыс күнінде полицияның кәсіби шеберлігінің нәтижесінде аккумулятор ұрлаған ұры алысқа ұзамай ұсталды. 

image.png

Нақтырақ айтсақ, Түлкібас  АПБ-ға  жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша белгісіз тұлға түнгі уақытта оның үйінің алдында тұрған  «МАН» маркалы ауыр жүк көлігінен 2 дана  аккумуляторын ұрлап кеткен. Аталған жайт АПБ-ға ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 60000 теңге.  

Ақпарат алысымен тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы автоұрыны ұстауға жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнына тез арада жетіп, қылмысты ашуға қажетті барлық шараларды іске асырды. Көрген-білген жандардан жауап алып, сол арадағы бейнебақылау камераларын тексерді. Алынған ақпарат көздері арқылы жедел уәкілдер күдіктінің ізіне түсіп, оны тұрғылықты мекен-жайынан ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Кінәсін толық мойындады.

Белгілі болғандай, күдікті түнгі уақытта көліктің жанында ешкім жоқтығын пайдаланып, арам ойын іске асырған. Яғни көліктің терезесін сындырып аккумуляторын жымқырған. Осылайша автоұры ұрланған затты сатып үлгермей, полицейлердің қырағылығының  арқасында ұсталды. Одан айғақты зат ретінде аккумулятор алынып, заңды иесіне қайтарылды. Сонымен қатар орта жастағы күдіктінің осындай ұрлық қылмысына қатысы бары анықталды.  Бүгінде күдіктінің бас шарасы  қамауда. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасуда

Түркістан полицейлері автокөлік иелеріне көліктерін қараусыз қалдырмауды, есігін ашық немесе көлік кілтін қалдырып кетпеуді ескертеді. Автокөлік ішінде құжаттар мен бағалы заттарды тастап кетпеуге, сондай-ақ ақылы автотұраққа қоюға кеңес береді.                            

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер