Түркістан полицейлері мүмкіндігі шектеулі және құжаты жоқ азаматтарға жаңа төлқұжат рәсімдеп берді

Бүгінде облыста ҚР азаматтарының құжаттарын рәсімдеу немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды куәландыру, мәртебесі реттелмеген адамдарды, яғни 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен жүрген тұлғаларды анықтап, құжаттандыру мақсатында арнайы акция өтуде. Аталған шараны көші-қон қызметі бөліністері мен учаскелік полиция қызметкерлері бірлесе өткізіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

image.png

Акция аясында көші-қон қызметі тобының  инспекторы полиция капитаны  құжаты жоқ, немесе мерзімі өткен тұлғаларды анықтап, құжат алуына қажетті көмектер көрсетті. Тәртіп сақшылары тарапынан құрылған арнайы мобильдік топ жүріп-тұруы қиын азаматтардың үйлеріне барып, суретке түсіріп, құжаттарын рәсімдеген.

Мәселен, Түркістан облысында   ерлі зайыпты қажы Қараман  атамыз бен  Жарқын  анамыз полицейлерге өздерінің  төлқұжатының мерзімі өткенін хабарлаған.  Қарттарымыздың жүріп тұруы қиын болғандықтан полиция капитаны Роза Жумадуллаева  жаңа төлқұжаттарын  рәсімдеп үйлеріне апарып берді. 82 жастағы атамыз бен 76 жастағы кейуанамыз Шардара  ауданында тұрады.  Қазіргі таңда Қараман атамыз   2 қыз, 4 ұл  , 44 немере, 62 шөбере  сүйіп отыр. 

Бүгінде көпті көрген көнекөз ақсақал Қараман Қойайдаров   полиция қызметкерлерінің атқарған жұмысына өз ризашылығын білдіріп ак батасын берді. 

«Көші қон қызметкерлеріне, Шардара  ауданының полиция басшыларына рақмет айтамын. Ел арасында абыройлы болыңдар. Өсіріп отырған бала шағаларыңның қызығын көріңдер. Бізді  әуре қылмай, шаршатпай, рәсімдеп жаңа куәлікті үйімізге әкеліп берді. Рақмет сендерге. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әумин!» 

Сонымен қатар шардаралық полицейлер осындай игі істі әрі қарай жалғастырды.  Атап айтсақ,  Шардара ауданында тұратын  мүмкіндігі шектеулі 2 азамат шет елден  ем қабылдаулары керек болған. Алайда тұрғындардың шет елге шығатын құжаттары болмаған. Бұл хабарды естіген  шардаралық көші қон қызметінің полицейлері  бұл азаматтарға жаңа төлқұжат рәсімдеп үйлеріне жеткізді. Полицейлердің бұл көмектеріне қуанған тұрғындар үлкен алғыстарын айтты.  

Түркістан облысы полицейлері карантин режимін сақтай отырып, әрбір қала, аудандағы егде жастағы тұрғындардың жеке куәліктерінің мерзімі өткендерін қайта рәсімдеуге көмектесуде. Жүріп-тұруы қиын азаматтар мен қарттардың құжаттарын жаңартуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

ТО ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер