Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік көмек алып беремін деп, тұрғынды алдаған әйелді ұстады

Нақтырақ айтсақ, Түркістан  ҚПБ-ға  жергілікті  тұрғын жас қыз  арызданып келеді. Оның  айтуынша сырттай танысы, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмек алып бере аламын деп, әбден иландырған. Алаяққа сеніп қалған қыз  оның сұраған ақшасы  62000 мың  теңгесін  береді. Алайда 15 күн  уақыт өтсе де, ешқандай нәтиже шықпайды.  Яғни, алаяқ не көмек ақшаны шығарып бермеген, не тұрғынның  өз ақшаларын қайтармаған. Содан кейін жергілікті тұрғын  полицейлерден көмек сұрайды.

Аталған жайт ҚПБ-ға 190-бап «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. Полицейлер жәбірленушіні алдап, ақшасын жымқырып кеткен алаяқты ұстауға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Соның нәтижесінде күдіктіні тұрғылықты мекенжайынан ұстап, ҚПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын, жұмыссыз әйел  болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті өзінің ақшадан қиналып жүргенін алға тартып, оңай жолмен ақша табу мақсатында, алаяқтық жасау ойы туындап, арам пиғылын іске асырған. Содан жәбірленушіден  62 мың теңге алған. Күдікті жас қыздың бас шарасы «қолхатта». Бүгінгі күні сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған іс-құжаттары заңды шара көрілу үшін сотқа жолданды. 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға ескертеді: ешқашан күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз, кез келген адамға ақшаңызды бермеңіз. Алаяқтардың арбауына түсіп қалудан сақтаныңыз. Егер, сіз де, алаяқтық қылмысының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, бірден «102» телефоны арқылы полицейлерге хабарласыңыздар.


ТО ПД Баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер