Түркістан облысында полицейлер табиғатқа залал келтіргендерді құрықтады

Облыс аумағында табиғат қорғау заңнамаларын бұзуды анықтау,  алдын алу жұмыстарын жандандыру мақсатында арнайы 2 мобильдік топ құрылды. Олар облыс аумағына іссапарларға шығып, мүдделі мекеме қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастырды. Осы жұмыстар нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамаларын бұзғаны үшін 2 қылмыс,  31 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 200 000 теңгеден астам айыппұл салынды. 

image.png

Заңсыз балық аулау бойынша 2 қылмысты атап өтсек: Оның  бірінде Сырдария өзенінде үрмелі қайықпен, заңмен тыйым салынған электр тоғын пайдаланып, балық аулап отырған жерінен 2 ер адам  ұсталды. Құқық бұзушылардан балық аулауға арналған құралдармен қатар,  94 келіден астам сазан  балығы тәркіленіп алынды. Сондай-ақ күдікті азаматтар мақтааралдық  тұрғындар болып шықты. Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі "Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Екінші жайтта Шардара су қоймасында ау-тор пайдаланып, темір қайықпен заңсыз балық аулаушылар ұсталды. Олардан айғақты зат ретінде 200 келіге жуық балықтар тәркіленді. Құқық бұзушылар Шардара АПБ-ға жеткізілді. Аталған жайт  ҚР ҚК-нің 335-бабымен тіркеуге алынды. 

 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулау, сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді жоюдың соңы  заң аясында жауапқа тартылуға әкеп соғатынын еске салады. Бұл бағыттағы жұмыстар мобильдік топпен өз жалғасын таба бермек. 


ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер