Кәсібінің нәсібін көрем дегендерге қолдау көп

Screenshot_8.jpg

Шымкент қаласының аумағы өсіп, халық саны артуда. Халық саны артқан сайын жұмыс орындарына деген сұраныс көбейеді. Дегенмен мемлекеттік мекемелер барлық адамды жұмыспен қамти алмайды. Сол себепті де өзін жұмыспен қамтитындар, өздері кәсіп ашып өзгелерді жұмыспен қамтушыларға қолдау көрсету аса маңызды. Жеке кәсіпкерлер қалада экономикалық гармонияны ұстап тұрады десек болады. 

Осы орайда жалпы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері Шымкентте 16 мыңнан астам адам әлеуметтік шаралармен қамтылса, 5177 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Екі мыңға жуық түлек жастар тәжірибесі бойынша, 2832 адам қоғамдық жұмысқа жолдама алып, 260 жұмыссыз азамат әлеуметтік жұмыс орындарынан жұмыс тапты. Шаруасын дөңгелеткісі келген 41 шымкенттік шағын несие, 584 адам қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізді. 1900 азамат «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқуға жолданды.

Мемлекет ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдаланған кәсіпкердің бірі – Гүлжазира Рысқұлова. Үш апталық курстан өткен ол 200 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі мемлекеттік грантты иеленіп, жиһаз шығару кәсібін жолға қойды. Төрт бала тәрбиелеп отырғанына қарамастан ісін ілгерілуге үлгеріп жүр.

– Грант есебінен құрал-жабдық сатып алып, арнайы цех аштық.  Шүкір, тапсырыс толастаған емес. Сұранысқа сәйкес түрлі үлгідегі жиһаз шығарамыз. Мұнымен тоқтап қалмай, шеберхана құру ойда бар, – дейді «Бастау бизнес» жобасының түлегі.

Аталған бағдарлама аясында былтыр кейіпкеріміз сияқты 4828 адам қайтарымсыз грант алды. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын жобаға 2820 адамға жолдама берілді. Мемлекеттік қолдау шаралары биыл да қарқынды жалғасын тапты. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға осы жылы 2500 шымкенттікті бағыттау жоспарланды. Ол – арнайы білімі жоқ немесе біліктілігін жоғалтқан жандар үшін таптырмас мүмкіндік. Осы орайда 30-дан астам мамандық тізбесі бекітілді. Олардың қатарында дизайнер, кондитер, тігінші, автоэлектрші, тас қалаушы, кран машинисі, визажист, шаштараз шебері, аспаз және тағы басқалар бар. Оқуға тартылғандарға ай сайын 17 мың теңге мөлшерінде стипендия төленеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер