Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?

image.png

Экология министрлігі АЭС құрылысына технологиялық шешімдер ұсынатын әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізімін жариялады. Оған Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясы, Оңтүстік Кореяның KHNP компаниясы, Қытайдың CNNC және Францияның EDF компаниялары енді. Сонымен қатар, энергетика министрлігі жобаны жүзеге асыратын нақты жеткізуші немесе консорциумды таңдау бойынша түпкілікті шешімнің әлі қабылданбағанын мәлімдеді. Бұл туралы  rgmedia.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл шешім Қазақстанның ұлттық мүдделерін, халықаралық нормалар мен міндеттемелерді ескере отырып, 2025 жылы қабылданады.

2025 жылдың 21 қаңтарында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Ресейге жұмыс сапарымен барды. Бұл сапар тендерге қатысушылардың ұсыныстарын бағалауға бағытталған келіссөздердің соңғы кезеңі болды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 2,5%-бен 5 мың микрокредит: 2025 жылғы "Ауыл аманаты" бағдарламасындағы өзгеріс
  • Қазақстан және ЕАЭО: Экономикалық жетістіктер мен ел үшін негізгі тиімділігі
  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер