Қысқа мерзімді кәсіптік оқулар мыңнан аса маманды жұмыспен қамтып отыр

Screenshot_9.jpg

Бүгінде әлемде технология, кәсіп жүргізу жүйесі зор жылдамдықпен дамып келеді. Тіпті өткен жылы алған біліміңіз келесі жылы жарамсыз болып қалатын дәрежеге дейін қарқынды дамуда. Сол себепті де бүгінгі тренд - жылдамдықты талап етеді. Қазір бір саланы меңгеру үшін 4 жыл жоғары оқу орнының қабырғасын тоздырудың қажеті жоқ. Түрлі курстарға, қысқа мерзімді кәсіптік оқулар арқылы бір саланы меңгеріп шығуға болады. Осы орайда биыл Шымкент қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 2500 шымкенттікті бағыттауды жоспарлап отыр. Қазірге дейін 30-дан астам мамандық тізбесі бекітілді. Олардың қатарында дизайнер, кондитер, тігінші, автоэлектрші, тас қалаушы, кран машинисі, визажист, шаштараз шебері, аспаз және тағы басқалар бар. Оқуға тартылғандарға ай сайын 17 мың теңге мөлшерінде стипендия төленеді.

Статистикаға сүйенсек, мегаполис халқының 239 мыңнан астамы – жастар. Қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы бүгінде мыңнан астам бағдарлама қатысушысына жолдама берілді. Олардың қатарында медбике, фельдшер, экономист, қаржыгер, бухгалтер, тіс дәрігері, кадастр, техник мамандар бар. Жыл соңына дейін 2500 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Ол үшін тілек білдіруші enbek.kz порталында электронды цифрлы қолтаңба арқылы жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Сонымен қатар тұрғылықты мекенжайындағы жұмыспен қамту орталығына бара алады.

– Кейбір жастар диплом алғасын мамандығы бойынша жұмыс таппай, уақыт жоғалтады. Жұмыс тәжірибесін жинау үшін мемлекет 6 айлық «Жастар тәжірибесін» ұйымдастырады. Ол бағдарлама мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бітіргеніне 3 жыл толған және 29 жастан аспаған жұмыссыз түлектерге арналған. Биылғы жалақы мөлшері 25 айлық есептік көрсеткіш шамасында. Бұл дегеніңіз – 72 мың теңге, – дейді қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Сұңғат Абдуллаев.

Қазіргі таңда Шымкентте қысқа мерзімді курсқа қатысушылар саны өсіп келеді. Алдағы уақытта олар өз салалары бойынша жемісті еңбек етпек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер