Биыл Шымкентте 3599 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылған

Screenshot_10.jpg

Барлық мемлекетте өз азаматтарын жұмыспен қамту аса маңызды рөл ойнайды. Жұмысқа жарамды азамат жұмыс істеп, отбасын асырайды. Мемлекентке салық төлейді. Қоғамға ешқандай қиындық тудырмайды. Жұмыс істейтін адам көп. Ал жұмыс орны аз болуы әбден мүмкін. Сондықтан да жұмыс орындарын ашу әрқашан назардан түскен емес. 

Халық саны 1 миллионнан асқан Шымкентте жұмыс орындарын ашу, азаматтарды жұмыспен қамту әрқашан күн тәртібінде тұрады. Статистикаға сүйенсек, 2011 жылы Шымкентте 1941 азаматқа жұмыс ұсынылған. Ал 2020 жылы 39 623 азамат жұмыспен қамтылып, бұл көрсеткіш 20,4 есеге көбейді. 2021 жылдың қаңтар айынан бері қалада 16 768 адам мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп, жұмыс тапқан. Тағы бір дерек, Шымкентте 2013 жылы 60 тұрақты жұмыс орны құрылса, 2021 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін 3599 жаңа тұрақты жұмыс орны  ашылып, 60 есеге көбейген.

Бүгінгі таңда Шымкентте әлеуметтік сала толыққанды цифрлы жүйеге өтті. Бұл бағыттағы кез келген қызмет көрсету электронды түрде жүзеге асады. Соның ішінде жұмыс іздеген азаматтар бұрынғыдай табанынан тозбайды, портал арқылы қай мекемеде бос орын бар екенін көріп отырады.

– Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 26 түрі автоматтандырылған. Яғни, кез-келген адам «Egov» порталы арқылы өзіне керек қызмет түрін электронды түрде ала алады. Оның ішіне азаматтық хал актілер бойынша қызметтер, жұмыссыз ретінде тіркелу, қандас мәртебесін беру және тағы басқалары кіреді. Сонымен қатар, басқармаға қарасты «Жұмыспен қамту орталығы» халыққа қызметті «Open Space» форматында көрсетеді, – дейді қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.

Барлық қызметтер электронды форматқа көшу арқылы сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қойылып, барлығы заң шеңберінде әділ түрде жүзеге асады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер