Шымкенттіктер ана тілінен бөлек өзге де тілдерді жоғары деңгейде меңгерген

Screenshot_12.jpg

Шымкент қаласының тұрғындары ана тілінен бөлек, өзге де тілдерді меңгерген. Бұл өз кезегінде қалаға шетелден келетін туристермен түсінісуге септігін тигізбек. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының осы жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебін тыңдағанда белгілі болды.

Жиында басқарма басшысы Х.Есенова 6 айдың қорытындысы бойынша индикаторлардың орындалуы 98,7% құрап, осы уақытқа жоспарланған қаржы толығымен игерілгенін атап өтті.

Есепті кезеңде қаладағы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 93%, орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі 86,5%, ал ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі  22,3 пайыздық көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Айта кетейік, Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында 14 мұғалім жұмыс істейді. Оның 7-і қазақ тілі, 2-і орыс тілі, 5-і ағылшын тілі мұғалімі. 14 мұғалім жылына 1120 адамды курстан өткізеді. Әр мұғалім 4 топтан алып жүреді. Бір топта 10 адам. Бір жылда бір мұғалім 80 адамды оқытады.

Басқарма басшысы бұл бағытта 169 коммерциялық нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 102 жарнама тақтайшалары ретке келтірілгенін атап өтті. Сонымен бірге 4 аудан аумағында жедел байланыс нөмірлері көрсетілген ақпартаттық тақтайшалар орнатылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер