Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да оқ атылды

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары атысты, деп хабарлайды Oinet.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

қырғыз-тәжік шекара.jpg

Оқыс оқиға 8 шілдеде сағат 17:00 шамасында болды, деп хабарлады бейсенбіде Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Шекара қызметінің хабарлауынша, төрт қырғыз әскери қызметкері жергілікті тұрғындардың бірнеше жылқысын ұрлап, Қырғызстанға алып кету үшін Тәжікстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен. Олар Калашников автоматтарымен қаруланған болып шықты.

- Тәжік шекарашыларының мемлекеттік шекараны бұзғаны туралы ескертуіне қырғыз әскери қызметшілері автоматтан оқ жаудырған. Тәжік шекарашылары атқан оққа екі тәртіп бұзушы ілініп, жарақат алды, - деп хабарлады құзырлы орган.

Екі елдің шекара ведомстволарының өкілдері оқиға орнына аттанды, Қырғызстанның Баткен облысы мен көршілес Тәжікстанның Соғды облысы өкілдері кездесетін болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте реализуются проекты по повышению качества жизни населения
  • Шымкентте тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар іске асырылуда
  • Парманов Шымкент қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалды
  • Жасы үлкен студенттер саны бойынша Шымкент қаласы көш бастап тұр
  • В Шымкенте запущена подстанция «Ақжар»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер