Масанчида 8 адам қайтыс болып, 40-тан көп адам жараланды

кордай.jpeg

Қордайдағы қырғында 8 адам мерт болып, 40-тан астам адам жарақат алды. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жанжалға қатысты Орталық комминикациялар қызметінде мәлімдеді.

– 7 ақпанда сағат 19.00-де Жамбыл облысының Полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданы Масанчи ауылында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр деген хабарлама келіп түсті. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратқан. Осының салдарынан басқа ауылдардан келген 300-ден астам азамат төбелеске қосылып кеткен. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, әртүрлі қару қолданды. 8 адам көз жұмды. 40-тан астам адам жарақат алды, деді Ішкі істер министрі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Атыраудағы резонансты іс: күдікті күйеу бала әйелін сыртқа шығармаған
  • 1600-ден астам қылмыскер ұсталды
  • «Қазақмысқа» жаңа басшы келді
  • В Шымкенте реализуются проекты по повышению качества жизни населения
  • Шымкентте тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар іске асырылуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер